Синтаксистік парадигмалар


қалуға  мүмкін  емес  еді



Pdf көрінісі
бет123/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   374
қалуға  мүмкін  емес  еді  (С.Көбеев).  Мұндай  екі  нəрсені  бірдей  болады 
деп айтуға мүмкін емес (Абай). ...Науқасы да бұрынғыдан жақсы емес 
(Қ.Жұмаділов). 
3) «жоқ»  модаль  мəнді  көмекшінің  -ған, -ген  тұлғалы  есімшелерге, 
кісі  аттарынан  не  жіктеу  есімдіктерінен  болған  баяндауыштарға  тірке-
суі  жəне  тұрақты  тіркестен  жасалған  баяндауыштар  құрамында  келуі 
арқылы  болымсыз  сөйлемдер  жасалады:  Ас  үстінде  артық  сөз  болған 
жоқ  (Ə.Тарази).  Шалдың  əлі  де  жағы  семген  жоқ  (Қ.Жұмаділов).  Ба-
сында көш адамдарына көз салған – олар жоқ еді (М.Əуезов).
4) «жоқ»  сөзінің  бір  негізді  жанама  жақты  сөйлем  баяндауыштары-
ның  құрамындағы  керек,  қажет,  жай,  шама,  жөн,  тұр,  рет  тəрізді 
компонентіне тіркесуі арқылы осы сөйлемнің болымсыз түрі жасалады: 
Енді ұйықтаудың жөні жоқ (Ə.Тарази). Бектайдың қозғалар түрі жоқ 
(М.Иманжанов). Шалдың шаршағаны сонша, орнынан тұруға шамасы 
жоқ (Қ.Жұмаділов).
ІV. Сөйлесім барысында форма мен мазмұнның сəйкес келе бермей-
тіні  ғылымда  дəлелденген.  Мұндайда  интонацияның  əсерінен  болатын 
экспрессивтік-эмоционалдық  құбылыстардың  əсерінен  болымды  сөй-
лемдердің өзі болымсыздық мағынада да айтыла береді. Мұндай сөйлем-
дердің жасалуының бірнеше жолы бар:
1) баяндауыштар -ма, -ме сұраулық шылауы тіркескен болымды сөз-
дер немесе диалогты риторикалық сұраулы сөйлемдерде не, кім, қайда, 
қайдан тəрізді сұрау есімдіктерінің қатысуы арқылы болымсыз сөйлем-
дер жасалады: Бəрінен бұрын мынау тағдырдың тырнағынан арашалап 
алу  оның  қолынан  келер  ме?  (Н.Ораз). – Ойбай,  бізде  не  қауқар  бар? 
(М.Əуезов). – Ал енді сен тынық, біраздан соң хабарласармын, – деді. – 
Тынығу қайда? (С.Мұқанов). 
2) Мұндай болымсыздық мəн бас мүше құрамы керек, қажет модаль 
сөздері мен кейбір есім сөздерге сұрау есімдіктер мен сұраулық шылау-
дың тіркесуі арқылы жасалған жанама жақты бір негізді сөйлемдерде де 
болады: – Саған ел билеудің керегі қанша? (М.Əуезов).– Онда бұл қипа-
лақтаудың не орны бар? (Ғ.Мүсірепов).
3)  Болымсыздық  мəн  айрықша  интонациямен  айтылған  лепті,  бұй-
рықты сөйлемдерде де болады. Интонация ерекшелігіне қарай бұл сөй-
лемдер бір негізді де, екі негізді де бола береді: – Соқ дүрені! Өзіне де соқ 


138
139
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бұл иттің! – деп ақырып жіберді. Сол кезде Құнанбайдың қақ қасынан 
қатты ашулы айғай шықты. – Боқты соғарсың! – деп, саңқ еткен Бай-
сал еді (М.Əуезов). – Барып жатшы, өзің ауырып отырсың ғой, – дейді 
жолдасын мүсіркеген екінші келіншек. – Мыналар сені тыныш жатқы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет