Синтаксистік парадигмалар


 Сөз тіркесі жəне басқа тілдік бірліктер



Pdf көрінісі
бет15/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   374
1.2. Сөз тіркесі жəне басқа тілдік бірліктер
Сөз  жəне  күрделі  сөз  тіркестері.  Соңғы  кезде  сөз  тіркестеріне  ар-
налған  еңбектерде  оның  нысаны  туралы  теориялық  талас  пікірлер  кө-
беюде. Ондай пікірлердің біразы сөз тіркестерінің тілдің басқа санатта-
рынан, атап айтқанда, сөз, күрделі сөз, сөйлем жəне синтагмалардан айыр-
машылығы. Бұл мəселе түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде 
де соңғы кезде ғана сөз бола бастады, əрі ол жайындағы пікірлер де əр 
алуан.  Сонымен  бірге  күрделі  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарының  күрделі
сөз, қос сөз, біріккен сөздерден т.б. айырмашылығы да айқындалады. Өйт-
кені күрделі сөздерді біліп алмай, күрделі сөз тіркестерінің əрбір сыңа-
рының жалаң немесе күрделі екендігін білу де қиын. Сондықтан күрделі 
сөз тіркестерінің жасалу ерекшелігін анықтау күрделі сөздердің жасалу 
жолдарын айқындауды қажет етеді. Оның үстіне сөз тіркестері синтак-
систік қызметі жағынан да айқындалатыны белгілі. Жалпы күрделі сөз 
бар  да  сөйлем  мүшесі  бар.  Екеуі  де  синтаксистің  нысаны  болғанымен, 
бірде  сөз  тіркесінің,  енді  бірде  сөйлем  мүшесінің  ыңғайында  қарасты-
рылады. Сонда күрделі сөзді құрайтын элементтердің барлығы да бірдей 
бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па деген мəселе келіп шыға-
ды.
Өйткені синтаксистік қызмет жай жəне күрделі сөз тіркестерінің əр-
бір сыңарына тəн. Сөйлем мүшелеріне талдауда жай сөз тіркестері онша 
қиындық тудырмайды. Ал күрделі сөз тіркестерінің күрделі сөйлем мү-
шелерімен  синтаксистік  қызметін  айқындауда  өзіндік  қиыншылықтар 
байқалады. Сондықтан да олардың синтаксистік қызметін анықтау үшін 
алдымен күрделі сөз тіркестерінің өзіндік жігін, оны құрайтын элемент-
терді білу – басты шарт.
Сөз тіркесі синтаксисінің түйткілді мəселесінің бірі – күрделі сөздер 
мен сөз тіркестерінің айырмашылығына арнайы тоқтала кеткен жөн. Бұл 
мəселе тіл-тілдердің барлығында да арнайы зерттеліп жүр. Күрделі сөз 
бен сөз тіркесі құрылымы жағынан алғанда ұқсас екені белгілі. Мысалы, 
Екі басында екі гирдей домалақ темірі бар сом тұтқасын айналдырып 
тұрған  жалпақ  бетті,  қошқар  мұрынды,  қалың  ерінді  зор  қара  жігіт 
Матвей Степановичтің əніне қосылмақ болды (Ə.Сəрсенбаев). Сұлулық
жерден  өніп,  көктен  жауған,  Тапқан  ол  тыныштықты  таза  ауадан
(I.Жансүгіров). Осы сөйлемдердегі қошқар мұрынды, жалпақ бетті, қалың
ерінді  күрделі сын есімдері, жерден өну, көктен жауу, тыныштықты 
табу  жай сөз тіркестері. Бұлардың əр қайсысы екі-үш сөзден жасалған. 
Алайда  сөз  тіркесінің  құрылымында  айырмашылық  бар.  Мысалы,  ты-
ныштықты табу, жерден өну, көктен жауу деген сөздер бірі басыңқы, 
бірі бағыныңқы қызметте жұмсалып, меңгеріле байланысқан сөз тіркесін 
құрап тұр. Ал жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді деген күр-
делі сын есімдер осы қалпында сөз тіркесі бола алмайды, өйткені олар-
дың  əрқайсысы  біріне-бірі  басыңқы-бағыныңқы  қызметте  жұмсалмай, 
екеуі  бірігіп,  басқа  бір  сөзді  анықтап,  бағыныңқы  қызметте  жұмсалып 
тұр. Бұлардың бағыныңқы қызметте жұмсалып, күрделі сөз жасауында 
-ды/-ді  жұрнағының  да  тікелей  əсері  бар.  Жалпақ  бет,  қошқар  мұрын, 
қалың ерін деп, -ды/-ді жұрнағын қоспай айтсақ, бұл сөздер бірі бағы-
ныңқы, бірі басыңқы қызметте жұмсалған жай сөз тіркесі болар еді. Сон-
да  өз  алдына  жай  сөз  тіркестері  енді  -ды/-ді  жұрнақтарының  əсерінен 
күрделі сөзге айналған.
Сонымен,  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркестерінің  ұқсастығы  олардың  жа-
салу жолында емес, сөз санының көлемінде. Саны жағынан екеуі де екі 
немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сыңарларының өзіндік ерек-
шеліктері тұрғысынан оларда ұқсастық жоқ. Өйткені сөз тіркесінің əр-
бір сыңары толық мағыналы, синтаксистік қызметі бар, біріне-бірі бағы-
ныңқы-басыңқы  қызметте  жұмсалуға  тиісті  сөздер  болса,  күрделі  сөз-
дердің  сыңарлары  кейде  толық  мағыналы,  кейде  дербес  мағынасы  жоқ 
сөздер де болады, олардың арасында сөз тіркесіндегідей толық грамма-
тикалық байланыс жоқ. Сол тобымен бір-ақ сөз табы қызметінде жұмса-
лады, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің арасындағы айырмашылықтарды 
былайша көрсетуге болады:


20
21
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет