Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет17/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   374
Түйдекті тіркес  – сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмса-
латын  тіркестер.  Түйдекті  тіркес  лексика-грамматикалық  тұрғыдан 
өзара  байланыста  болып,  сөз  тіркесінің  құрамына  енеді.  Түйдекті 
тіркес құрамындағы сөздердің лексика-семантикалық дербес мағына-
сы болмайды. Сондықтан олар сөз тіркесінің құрамында түйдектеліп, 
сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқарады. Түйдекті тір-
кес бір сөз табынан да, түрлі сөз таптарынан да бола береді, көмек-
ші сөздің тіркесуі арқылы да жасалады. Оның құрамындағы сөздердің
дербес  мағыналарының  болу-болмауына  байланысты  үлкен  екі  топ-
қа  бөлеміз: 1) дербес  мағынасы  бар; 2) негізгі  сөз  бен  көмекші  сөз 
арқылы жасалған. Дербес мағынасы бар түйдекті тіркес сөз таптары-
ның күрделі түрлері (қара сұр, он жеті, т.б.) мен тұрақты тіркестер 
(төбе  шашы  тік  тұру)  арқылы  жасалады.  Түйдекті  тіркестің  екін-
ші тобы негізгі сөздерге көмекші есімдер (қала іші), көмекші етістік 
(аға  деген),  септеулік  шылау  (сəлден  соң),  демеулік  шылау  (дала 
тəрізді), қосарлы сан есімдер  (үш рет) т.б. көмекші сөздердің тір-
кесуі  арқылы  жасалады.  Түйдекті  тіркестің  басты  белгілері  төмен-
дегідей болып келеді: а) сөз тіркесі сыңарының қызметін атқарады; 
ə)  сыңарлары  бір-бірімен  синтаксистік  қатынаста  жұмсалмайды;  б) 
түйдекті тіркес сыңарларында лексикалық мағына болуы да, болмауы 
да мүмкін; в) сыңарларымен қоса алғанда бір сұраққа жауап береді; г) 
құрылымы мен мазмұны тиянақсыз келеді.
Сонымен,  сөз  тіркесі  мен  түйдекті  тіркестердің  пішіндік  жағынан 
ғана ұқсастығы бар, ал мағына-мазмұн жағынан алғанда айырмашылығы 
бар  екенін  байқауға  болады.  Түйдекті  тіркестер  сөз  пішіні  ретінде  сөз 
тіркесінің бір сыңары болып бірлік құрамына енеді.
Сөз тіркесіне пішін жағынан ұқсайтын бір бірлік – күрделі сөз, оның 
ішінде тіркескен сөз. Күрделі сөздің екі тобын, күрделі есім жəне күрделі 
етістіктерді, сөз тіркесінен ажырату аса қиындық келтірмейді. Бұлардың 
ұқсастығы сонда, екеуі де тіркескен екі сыңардан тұрады; сөздердің бай-
ланысу тəсілдері мен формалары екеуінде де қолданылады. Мысалы: 1. 
қала маңы, 2. жүре жаздау деген күрделі сөздер сыртқы пішіні жағынан 
1. қала көшесі, 2. жүре тыңдау деген сөз тіркестерімен пішін жағынан 
ұқсас: 1-іншілері қосымша тəсілімен матаса байланысып тұрса, екіншісі 
орын тəртібі тəсілімен қабыса байланысып тұр. Айырмашылықтары сол: 
күрделі сөздердің сыңарлары қосыла келіп бір ғана мағыналық-құрылым-
дық  бірлік  ретінде  танылса  (бір  сөз  сияқты  бір  сұраққа  жауап  береді/
мағыналық  тұтастық/,  негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздің  тұтастығынан/
құрылымдық тұтастық/ тұрады), сөз тіркесінің əр сыңарының осы күр-
делі сөзбен синтаксистік дəрежесі бірдей (əрқайсысы бір сұраққа жауап 
береді); күрделі сөз толайым бір сөз пішіні ретінде сөз тіркесінің бір ғана 
сыңары бола алады. 
Алайда бұл мəселеде түйткілді жайттар бар. Бұл – «күрделі атаулар»
деп жүрген санатқа байланысты. Мұның бір парасы Б.Қасымның зерттеу-
лерінде шешім тапқандай. Ғалым күрделі атаудың «бастау көзі сөз тір-
кестерімен байланыстырылатынын» [15, 147-148 бб.] тани отырып, баян-
дау мазмұнына қарай топтастырсақ, күрделі сөзді сөз тіркесінен бөлек-
тейтін үш түрлі ұстаным белгіні тұғырлайтыны байқалады: 1. мағыналық 
тұтастық, 2. құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық. Дей тұрсақ 
та,  сөзжасам  мамандарының  номинациялық  уəжі  бар  сөздердің  ішіне 
əрқайсысы  өзінің  дербес  мағынасын  өзгертпей  сақтап  қалатын  жəне 
нұсқалары  болуы  əбден  мүмкін  тіркестерді  денотатқа  сүйеніп  күрделі 
атаудың  қатарына  енгізіп  жіберуіне  бола,  ондай  тіркестерді  сөз  тіркесі 
деп қарамау синтаксистік қағидаларды елемеу сияқты көрінеді. Мəселен, 
бой жеткен, қара құс (адам басының желке тұсы) деген тіркестердің күр-
делі атаулар екеніне дау жоқ, өйткені бұлар қолданылу ыңғайына қарай 


22
23
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бір-ақ сұраққа – бой жеткен не «қандай?», не «кім?» деген сұраққа; қара 
құс «не?» деген сұраққа жауап береді, мұның ой жеткен, бас жеткен, 
қызыл құс, көк құс деген сияқты нұсқалары жоқ, демек, бұлар – даусыз 
күрделі атаулар. Ал топан су, қайын жұрт т.с.с. тіркестер сөз тіркесіне 
қойылатын шарт-талаптарға – оның ішінде əр сыңары толық мағыналы, 
сондықтан  дербес  сұраққа  жауап  беретініне  сəйкес  келеді:  қандай  су? 
қай жұрт? Оның үстіне бұлардың еркін тіркес екенін лексика-грамма-
тикалық нұсқалар жасау арқылы дəлелдеуге болады: қызыл су, мөлдір су, 
нағашы жұрт, төркін жұрт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет