Синтаксистік парадигмалар


Шумақ пен абзац (шумақты межелеу)



Pdf көрінісі
бет237/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Шумақ пен абзац (шумақты межелеу). Шумақтың ерекше пішімдел-
ген, өзіндік меже шектері бар бірлік екеніне күмəн келтіретіндер аз емес. 
Оның себебі ретінде шумақты мəтіннен еркін түрде, негіздемесіз бөліп 
алу екені айтылады. Сыншылардың айтуынша, шумақ синтаксисінің ең 
бір əлсіз тұсы осы. Сондықтан шумақты мəтін ұласымынан бөлектеп алу 
маңызды əрекет болып саналады. Бұл үшін оған тірек болатын қандай да 
бір негіздеме табу қажет.
Мəтін  тілтануы  бойынша  жазылған  еңбектерде  шумақ  шекарасын 
анықтауға  арнап  түрлі  межелеуіштер  ұсынылды.  Мəселен,  интонация-
лық  белгілер  бойынша  (Л.А.Булаховский [33, 533-539 бб.]),  фразаара-
лық байланыстардың əлсіреуіне қарай (Лосева Л.М. [30]), айтылыстың 
модальдік  біркелкілігіне  қарай  (Солганик  Г.Я. [34, 131 б.]),  сөйлеудің 
белгілі  бір  типіне  тиесілігіне  қарай  (Зарубина  Н.Д. [35, 103-112 бб.]), 
тақырыптың  ашылуына,  семантикалық  белгілерге  қарай  (Фигуровский 
И.А. [36, 30-33 бб.];  Москальская  О.И. [18, 41 б.];  Ставский  В.И. [37] 
т.б.), компоненттердің лексика-морфологиялық белгілеріне қарай (Мас-
лов Б.А. [38]; Амирова Ж.Г. [39]), байланыс құралдарының бірінің ықпа-
лының шектелуіне қарай (Боевец И.А. [40]) т.с.с. көрсеткіштерге қарай 
мəтіннен бөлектеп алу ұсынылады. Шумақты абзацпен теңдестіре қарау 
жиі кездеседі [22; 33; 41; 42; 43].
Түркі тіл білімінде шумақты мəтін ішінен бөлектеп алу туралы мəсе-
ле өткір қойыла қойған жоқ, дегенмен талпыныстар бар. Мəселен, М.З.
Закиев: «орамды сөйлеуден күрделі синтаксистік тұтастықты бөліп алуда 
тек əдістемелік мақсат қана болады», - дейді де, шумақтың шекарасын 
жайылыңқы  етіп  көрсетеді: «Күрделі  синтаксистік  тұтастық  абзацтың 


296
297
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бөлігі, бүтін абзац, тұтас тарау, кейде, тіпті, тұтас шығарма, тұтас мақала, 
баяндама, шешеннің сөзі т.с.с. бола алады» [19, 237 б.]. Шумақтың ше-
карасының белгісі ретінде паузаны жəне Л.М.Лосеваның «еркін сөйлем» 
дегенін ескергенмен, осындай тұрғыны өзбек тілінің маманы А.Мамажа-
нов та ұстанады [44, 53 б.]. Алайда шумақты межелеуді арнайы мақсат 
та етпейді. 
Түркітануда шумақты шекаралауға екі мəрте талпыныс жасаған ғалым 
– əзірбайжан тілінің маманы К.М.Абдуллаев. Бірінші қадамда түркі сөй-
лемі мүшелерінің орын тəртібінің қатаңдығына сүйеніп: «күрделі синтак-
систік  тұтастық  құрылымы  параллелизммен  өріледі,  параллелизм  оның
«синтаксистік қаңқасын» құрайды. Сөйтіп, сөйлемдердегі белгілі бір қатыс-
ты элементтердің ортақ көрсеткіштері сол сөйлемдер тобын бір мəністік 
үзіндіден келесісіне дейін қостап отырады», - деген болатын [45, 12 б.]. 
Мұны қолдауға болар еді, бірақ шумақ құрамындағы сөйлемдер əрқашан 
параллелизмге құрыла бермейтін – шындық. Автор дербес сөйлемдердің 
ізбе-із  байланысын  ескермеген,  өйткені,  өзінің  айтуынша,  бұл  байланыс 
шумақтың  шекараларын  анықтау  үшін  сенімді  критерий  бола  алмайды 
[45, 12 б.]. Сондықтан К.М.Абдуллаевтың пікірі өміршең болмады.
Кейін К.М.Абдуллаев шумақты шекаралауға басқа негіздеме ұсынды. 
Оның пікірінше, сөйлемдер сияқты (түркі тілдерінің сөйлемдерін айтып 
отыр. – Ж.Ж.) «мəтін де рамалы құрылымға ие, онда соңғы аяқтайтын 
кезең  бастапқы  кезеңнің  өзінше  бір  қайталамасы  болады» [23, 330 б.]. 
Бұл  негіздемеге  сүйенсек,  мəтін  əрдайым  стандартты  түрде  берілуі  қа-
жет, ал олай бола беруі мүмкін емес, екіншіден, бұлай болса, жазарман-
ның  стилі,  прагматикасы  ескерілмей  қалады,  үшіншіден,  бұл  критерий 
бойынша іс жүзінде шумақты бөліп алу қиын.
Осындай себептерден келіп, шумақты шекаралау үшін ұтымды негіз 
абзац пен шумақтың арақатынасынан табылады деген ой туады. Шын-
дығында  да,  шумақтың  абзацпен  теңестірілуі,  сөйлемдегі  бас  əріп  пен 
нүкте сияқты, азатты жолдың мəтінде шумақтың өзіндік бір тыныс бел-
гісі ретінде қабылданатыны кездейсоқ жайт емес.
Абзацтардың арасында  ойдың аз ба, көп пе,  əлдебір үзілісі,  секірісі 
бар  екенін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Осыған  орай  мəтінді  зерттеуші 
Т.М.Сильманның абзацта «айрықшалау мəні, кең мағынасында алғанда 
модальдік деуге болатын мəн болады. Оқу барысында жаңа абзацқа кө-
шерде біз автордан: «Мынау маңызды! Мұнда əлдебір жаңа нəрсе бар! 
Аялда,  деміңді  алып  ал,  күш  жинап  ал!»  деген  ескертуін  алғандай  бо-
ламыз. Ал азатты жол, яғни мұндай ескерту болмаса, біз бұл «жаңа нəр-
сені» байқамай да қалуымыз мүмкін» деген пайымында пайда көп деуге 
болады [46, 111 б.].
Осы  тұрғыдан  келгенде,  К.М.Абдуллаевтың  абзац  пен  шумақтың 
арақатысы туралы пікірі орынды болып саналады. Зерттеуші абзац пен 
шумақтың байланысын пішін мен мазмұнның арақатысы ретінде қарай-
ды. Мазмұн абзац пішінінде бейнеленеді, ал егер бір абзацқа екі я одан 
да көп шумақ енсе немесе керісінше, бір шумақ екі я одан да көп абзацқа 
бөлінсе, бұл мазмұнды қате кодтау, тілдік таңбаны мəтінде дұрыс пайда-
ланбау ретінде қабылдануға тиіс. Мəселенің осындай шешімі, К.М.Аб-
дуллаев пікірінше, абзац пен шумақтың дəрежелері мен функцияларын 
айқындаудың кілті [23, 239 б.].
Бұл пікірмен келісуге болады, өйткені мəтіндегі бір тақырыптан келе-
сі тақырыпқа, «жаңа ойға» көшу азатты жол арқылы іске асырылатыны 
бізге мектеп дидактикасынан белгілі. Оның үстіне бұл – тіл ұстартуда, 
мəтін түзуде қалыптасқан дəстүр.
Осылай бола тұра, ескерер бір жайт бар. Абзацты хабар, ақпарат беру-
дің экспрессивтік-коммуникативтік мақсаты үшін пайдаланады. Жазар-
ман ойдың тиянақталған-тиянақталмағандығына қарамастан бір немесе
бірнеше сөйлемді бөлек абзацқа салуы мүмкін, мұндағы мақсаты – оқыр-
манның  ерекше  назарын  аудару,  абзацпен  бөлінген  сөйлемге  я  сөйлем-
дерге айрықша мəн бергізу. Басқаша айтқанда, абзац эмфаза құралының 
қызметін атқарады.
Осы тұста ескерте кету қажет, кей жағдайда қазақ мəтіндерінде шумақ 
айқын  бөлініп  тұрады,  атап  айтқанда,  портреттік,  пейзаждық,  дəлелде-
мелік  мəндегі  шумақтар  айқын  көрініп  тұрады.  Сондай-ақ  дербес  сөй-
лемдері  параллельділікке  ғана  құрылған  шумақтарды  ажырату  қиын 
емес, - параллельділік бұзылып тұйықталған тұс шумақ шекаралық белгі 
болып  саналады;  кейбір  қыстырма  сөздердің,  атап  айтқанда,  қорытын-
дылық  мағына  беретін  қыстырмалардың  (қысқасы,  қорыта  келгенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет