Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет24/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   374
Көптік  жалғауы.  Көптік  жалғауының  қиысу  байланысына  қызмет 
етіп, сөйлем жасауға қатысатыны белгілі. Алайда олардың сөз тіркесін 
жасамаса да, сөздерді тіркестіруге қатысатынын ескеріп тоқталуға тура 
келеді.
Көптік  жалғауы – тілімізде  көп  қолданылатын  жалғаулардың  бірі. 
Мысалы:  Мен  үйге  бара  берейін,  сендер  асықпай  келерсіңдер (I.Жақа-
нов). Есік алдында тұрмай үйге кіріңіздер. Жұмысшылар интернацио-
налға кіре бастаса-ақ болды (Э.Золя). Бұл сөйлемдердегі көптік жалғау-
лы тіркестер жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды, сендер келерсіңдер, 
сіздер  кіріңіздер.  Жалпы  көптік  жалғауы  зат  есімге,  субстанцияланған 
сөз таптарына жалғанатындығы белгілі. Əрине, көптік мағына лексика-
лық,  морфологиялық  жəне  синтаксистік  тəсіл  арқылы  беріледі.  Ал  сөз 
тіркесінің бір сыңары болуы үшін немесе сөз бен сөзді байланыстыруда 
біздің  негізгі  нысанымызға  көптік  жалғаулы  сөздердің  морфологиялық 
тəсілі негізге алынады. Ондай морфологиялық тəсіл арқылы жасалатын 
көптік жалғауының көрсеткіші – -лар, -лер (оның нұсқалары). Осы көптік 
жалғауларының сөзге жалғануының өзінің екі жолы бар сияқты. Жаңа-
ларды жеке жібермей, ескілерді баулыса қайтеді? (Ғ.Мұстафин) деген 
сөйлемде жаңаларды жібермей, ескілерді баулу сияқты меңгеріле байла-
нысқан сөз тіркестері бар. 
Міне,  осы  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарларындағы  сөздерде 
жаңа, ескі сөздеріне əрі көптік, əрі септік жалғаулары бірдей жалғанған. 
Бірақ осындағы сөз бен сөзді байланыстыру рөлін көптік жалғауы атқа-
рып  тұр  дей  алмаймыз.  Өйткені  оның  бұл  жердегі  қызметі  сол  сөздің 
көптік мағынасын білдіреді де, ал ол сөзді басыңқымен байланыстыру-
да табыс септігі негізгі қызметке ие болып отыр. Біз бұл жерде көптік 
жалғаулы сөздер туралы айтқанымызбен, оны жеке алып қарау мақсатын 
койып отырғанымыз жоқ. Біз көптік жалғаулы сөздердің басқа сөздермен 
байланысты сөз тіркестіру жағын ғана қарастырамыз. Сөз тіркестерінің 
қабыса,  меңгеріле,  қиыса  жəне  матаса  байланысқан  түрлерінің  ішінде 
көптік жалғауы тек қиыса байланысу формасын құрауға қатыса алады. 
Басқалары  көптік  жалғауы  арқылы  байланыспайды.  Ал  қиыса  байла-
нысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бастауыш жəне баяндауыш екендігі 
белгілі. Сонда көптік жалғауы ондай тіркестің бірінші, екінші сыңарына
да  жалғанады.  Бірақ  ол  жалғаудың  ондай  кездегі  қызметі  бірдей  емес.
Ондай тіркестерде көптік жалғаулары көбіне бірінші, яғни бастауыш бо-
лып тұрған сөздерге жалғанады да, ал баяндауыш болып тұрған сыңар-
лары етістік болып келсе, оған көптік жалғауы II жақтың көпше түріне 
жалғанады. Мысалы: Сендер келіңдер, сіздер келіңіздер. Ал есімдерден 
баяндауыш болып келгенде де ретіне қарай жалғануы мүмкін. Бұған қа-
рағанда, көптік жалғауы тіркестің көбінесе бірінші сыңарына ғана жалға-
нады.
Біздіңше, көптік жалғауларын сөз бен сөзді байланыстырудағы осын-
дай ерекшеліктеріне қарай екіге бөліп қарау керек сияқты.
Көптік жалғауы -лар, -лер сөздерді өзара байланыстыруға қатысады, 
бірақ  ол  бағындырушы  тұлға  болмайды.  Мысалы,  жұмысшылар  кіре 


30
31
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бастаса-ақ деген тіркестегі -лар көптік жалғауын алып тастап, жұмыс-
шы кіре бастаса-ақ деп те айтуға болады.
Есімдіктерге көптік жалғауы жалғанғанда ол сөз екінші сөздің міндет-
ті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. Мысалы, сендер келер-
сіңдер, сіздер кіріңіздер деген сөз тіркестеріндегі сендер, сіздер сөздері 
кел, кір сөздерінің міндетті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. 
Сендер келің, сіздер кіріңіз деп айтуға болмайды. Бұдан шығатын қоры-
тынды:  жалғаулар  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  үшін  жұмсалады.  Бірақ 
сол қызметтегі жалғаулардың барлығы бірдей сөзді сөзге бағындырушы 
тұлға бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет