Синтаксистік парадигмалар


Жұрнақтардың  байланысу  тəсіліне  қатысы



Pdf көрінісі
бет25/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   374
Жұрнақтардың  байланысу  тəсіліне  қатысы.  Сөз  тіркесі  жайлы
жазылған көптеген еңбектерде синтетикалық байланысу тəсіліне жалғау-
ларды жатқызады. Расында, бұл дұрыс та. Бірақ сөз бен сөзді байланыс-
тыруда  тек  жалғаулар  емес,  жұрнақтардың  да  рөлі  баршылық.  Əсіресе 
етістіктің  көсемше,  шартты  рай  тұлғаларының  рөлі  ерекше.  Мысалы: 
Мен  етпеттей  жығылдым  (Ж.Тəшенов).  Мен  жүре  келе  көп  нəрсеге 
түсіндім.  Ол  күліп  сөйледі (I.Есенберлин)  сөйлемдеріндегі  етпеттей 
жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестеріндегі əрбір 
сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланы-
сып тұр. Алайда сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы байла-
нысу тəсілі жалғаулар арқылы байланысу тəсілдеріндей актив құбылыс 
емес. Сонда да біз қазақ тіліндегі синтетикалық байланысу тəсілдерінің 
осы бір ерекшелігін ескеріп, оны сөздердің жалғаулар арқылы байланы-
суына қоса жұрнақтар арқылы да байланысу, яғни қосымшалар арқылы 
байланысу деп атауды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет