432
433
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
мəтіннің тақырыбын, мазмұнын, фабуласын, композициясын, архитекто-
никасын, құрылымын, онда қолданған тілдік құралдарды автор таңдап
белгілейді. Сондықтан автордың жəне адресаттың тілдік тұлға ретінде-
гі жеке тəжірибесі, жалпы білім деңгейі, тілдік түйсік – талғамы бел-
гілі мөлшерде мəнділікке ие болады. Мəтінді тілдік қатысымдық бірлік
ретінде талдау барысында бұл факторларды есепке алу арқылы мəтін
мазмұнының қалыптасуын ғана емес, алдымен, мəлімет беру, пікір алма-
су арқылы коммуниканттарға əсер етіп, олардың реакциясын тудырған
мəтіндегі мағыналық-ақпараттық мазмұн мен лексика-грамматикалық
құрылымның өзара қарым-қатынасын ашып көрсетуге болады. Себебі
қарым-қатынас жасаудың мотиві, мақсат-мүддесі, прагматикалық тала-
бы, коммуниканттардың тілдік тұлға ретіндегі интеллектуалдық мүм-
кіншілігі осы мəтін арқылы берілген хабардың мағыналық-ақпараттық
мазмұнын анықтайды, ал ол болса, мəтіннің құрылуын қамтамасыз етеді.
Əрине, мəтіннің пайда болуымен тілдік қарым-қатынас өз мақсатына
жете ме, əлде ол орындалмай қалатын жағдайлар да бола ма деген сұрақ
тууы мүмкін.
Бұл мəселенің анықталуы прагматикалық жағдаймен байланыста
қаралуы тиіс: қашан қабылдаушы мəтінді түсініп, мəтін оған əсер етіп,
оның жан дүниесінде белгілі бір өзгерістер пайда болып, оның реакция-
сын туғызғанда ғана, қатысымдық үдеріс өз мүддесіне толық жетті деуге
болады. Кез келген мəтіннің негізгі мақсаты - прагматикалық талап-мүд-
дені қанағаттандыру, пікір алмасуды іске асыру арқылы коммуниканттар-
дың жан дүниесіне əсер етіп, оны «ояту», реакциясын туғызу.
Қандай мəтін болмасын, ол, бір жағынан, белгілі бір хабар – мəлімет
берумен қатар, адамның интеллектуалдық, эмоционалдық психикасы-
на, оның жүріс-тұрысына əсер етуге, сезімін оятып, өзгертуге бағыт-
талады. Сонымен қатар, екінші жағынан, əрбір мəтін адамның интел-
лектуалдық, эмоционалдық болмысының, қарым-қатынасының мəтін
арқылы материалданған формада берілісі болып табылады. Демек,
мəтін тілдік қатысымдық бірлік ретінде өзінің негізгі міндетін іске
асыра отырып, ол заттық-ұғымдық, бейнелік-эстетикалық мəнді біл-
діріп қана қоймай, когнитивтік, коннатативтік, эмоционалдық-эстети-
калық мағына-мазмұнды да білдіреді. Тілдік қарым-қатынастың не-
гізгі компоненті ретінде мəтіннің прагматикалық аспектісінің маңызы
міне осында, басқаша айтқанда, прагматика тіл қарым-қатынасының,
қатысым үдерісінің іске асуының белгілі бір қажет компоненті ретін-
де семантикалық-информативтік мазмұн, лексикалық-грамматикалық
құрылыммен бірлікте тығыз тұтастық құрайды, оларды бір-бірінен
ажыратып қарауға болмайды.
Мəтінді толық, тура түсіну үшін, біріншіден, коммуниканттар қа-
рым-қатынастың шартымен, мəтіннің мағынасымен толық түрде таныс
болуы, екіншіден, лексикалық-грамматикалық жақтан мəтін тура, дəл
құрылуы, үшіншіден, семантикалық-информативтік мазмұнға сəйкес
мəтін толық көлемде болуы, төртіншіден, мəнмəтінмен байланыста
тұруы шарт. Осы факторлардың бірлігі прагматикалық талаптың негізі
ретінде мəтін мағынасын тура қабылдауға қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: