Синтаксистік парадигмалар


Мəтін прагматикасы мен автор прагматикасы



Pdf көрінісі
бет358/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Мəтін прагматикасы мен автор прагматикасы. Мəтіннің түзілу ме-
ханизмін анықтау үшін мəтіннің жəне автордың прагматикалық бағдар-
лары дейтінді анықтап алу қажет болады.
Мəтінтүзім мəтіннің өзіндегі мақсат қойылысы мен нақты бір автор-
дың  мақсат  қойысының  ықпалымен  жүзеге  асады.  Мəтіннің  мақсатын 
оның  типі,  жанры,  атқармақ  міндеттері  белгілейді.  Автордың  мақсаты 
авторлық модальділік арқылы білінеді, қандай да бір хабарда ақпар ғана 
емес, айтарман/жазарманның сол хабарға деген қарым-қатынасы да қа-
тар жүреді. Бұл қарым-қатынас мəтінді парықтаумен (тəпсірлеумен) бай-
ланысты болатындықтан мəтін прагматикасын анықтау үшін аса қажет. 
Автор мəтінді жасап қана қоймайды, сонымен бірге оқырманды мəтінді 
парықтауға жетелейді.
Мəтіннің прагматикалық бағдары оның тағайындамасынан, түрінен, 
жанрлық  ерекшеліктерінен  келіп  шығады.  Мəселен,  балаларға  арнап
жазатын  əңгіме  авторы  оны  бастамастан  бұрын  əңгіменің  шамамен 
көлемін,  нендей  мəселені  қозғайтынын,  балаларға  арналған  шығарма-
ның жанрлық сипатын, оқиғаның, сюжеттің лайықтығын білуі керек. Сол 
сияқты оқулық жазатын адамның да осы сияқты алдын ала дайындығы 
болады.
Мəтінмен жұмыстың басталар кезінде оның мақсаты белгілі болады: 
ақпарат беру ме, оқытып-үйрету ме, нұсқау беру ме, жарнамалау ма т.б. 
Осылайша,  əр  мəтінде  өзінің  прагматикалық  бағдары  болады  да,  бұл 
мəтіннің пішінін, материал таңдау, жалпы стилистикасы сияқты жайттар-
ды  белгілейді.  Алайда  автор  мəтінтүзімнің  ортақ  қағидаларына  бағына 
отырып нақты бір жеке инсан ретінде өзінің үлесін де қосады, прагмати-
калық мақсатын енгізеді.
Бұл екі бағдар сыйыстырылып тұруы да мүмкін, жапсарласуы да мүм-
кін, тіпті, қайшы келетін жайттар да жоқ емес. Өйткені автордың мəтін 
жанрын өз қалауымен таңдауға хақы бар. Бір нəрсені айту үшін кейбірі 
үлкен роман жазады, кейбірі шағындау жанрды таңдайды. Əрине, автор 
таңдаған  жанрының  сүрлеуін  сақтау  керек,  бірақ  оны  бұзып  отыратын 
кез де болады, сондай-ақ автор тақырыптың ашылуындағы желінің логи-
касын өзінше тартуы мүмкін т.с.с.
Авторлық ықпал көбіне көркем мəтіндерден көрінеді, автор бейнесі 
оқулық,  нұқсаулық,  анықтамалық  т.б.  мəтіндерде  байқалмайды.  Мəтін 
неғұрлым стандартты болса, оның белгілері де соғұрлым айқын болады, 
оның канондарын бұзу соғұрлым қиын бола түседі, автор бейнесі соғұр-
лым  көмескілене  береді.  Мəтінде  «көркемдік»  неғұрлым  айқын  бола 
түскен сайын, соғұрлым автордың бейнесі де көрінеулене береді.


454
455
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Тіпті, мəтіннің кіші деген бөлігі абзац қоюда да авторлық мақсат пен 
мəтін мақсатының арасындағы айырмашылықты байқауға болады. Абзац 
кемел жағдайда шумақпен бірдей болу керек, яғни, семантикалық жəне 
құрылымдық жақтарынан бұл екеуі сəйкесіп тұру керек. Алайда, автор-
дың  ерік-қалауымен  эмфазалық  (эмоция-экспрессиялық)  мақсатпен  бір 
шумақ  екі  я  бірнеше  абзацқа  бөлінеді  немесе  екі  я  бірнеше  шумақ  бір 
абзацқа біріктіріледі. Мəтін болса композициялық бірізділікті сақтауды 
талап етеді, ал автор бұл қағидаға бағынбай «күтпеген» əдісті қолданып 
мəнерлілікті күшейтуді көздейді.
Екі  прагматикалық  бағдардың  ықпалының  нəтижесінде  мəтінді
мүшелеудің екі түрі келіп шығады: 1. объективтік мүшелеу, бұл – мəтін-
нің  баяндалу  құрылымының  логикасына  сүйенеді; 2. субъективтік  мү-
шелеу,  бұл – не  мəтіннің  құрылысының  логикалылығын  көрнекіленді-
реді, не мəністік жəне стилистикалық əсер туғыза отырып логикалылық-
ты  өзгеше  бір  түрде  «бұзады» [14]. Соңғы  айтылған  жағдайда  мəтін 
бағдары мен автор бағдары ажыратылады, автор бұл амалды оқырманға 
неғұрлым  тиімді  əсер  беру  мақсатымен  істейді.  Нақтырақ  айтқанда,
автор  ниетіне  бағынатын  мəтінді  абзацтық  мүшелеу  ерекшеліктеріне 
ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет