Демек, химиялық реакция жүруінің принципті мүмкіндігі: ΔG = ΔН - TΔS < 0 ΔG<0
Энергетикалық және энтропиялық факторлардың әсерлері теңескенде (ΔН = TΔS) химиялық тепе-теңдік орнайды: ΔG = 0. (2.53)
ΔG >0 болса процесс кері бағытта өздігінен жүреді. (2.38)- теңдеуді (F= U–TS) температура мен көлем тұрақты жағдайда изохорлық потенциалдың өзгерісі түрінде жазсақ: ΔF=ΔU–TΔS
Мұнда да ΔU – энергетикалық фактор, ал TΔS – энтропиялық фактор деп аталады. Процестің өздігінен жүру мүмкіндігі осы екі фактордың қатынасымен анықталады.