динамикалық түрде орнайды. Химиялық тепе-теңдік қозғалмалы сипатта болады. Химиялық тепе-теңдікті ығыстыруға заттар концентрациясы, қысым, температура әсер теуі мүмкін
динамикалық түрде орнайды. Химиялық тепе-теңдік қозғалмалы сипатта болады. Химиялық тепе-теңдікті ығыстыруға заттар концентрациясы, қысым, температура әсер теуі мүмкін.
1867 жылы Гульдберг және Вааге әрекеттесуші массалар заңын тұжырымдады:
Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың және реакция өнімдерінің концентрациясына тура пропорционал.
Әрекеттесуші заттардың массалары дегеніміз олардың мольдік концентрациясы.
Қайтымды реакцияларды жалпы түрде былайша жазуға болады:
аА + вВ ↔ dД + еЕ (2.96)
Жоғарыдағы заң бойынша, тура бағыттағы реакцияның жылдамдығы:
Химиялық реакциялардың басым көпшілігі қайтымды болады, реакцияның өнімдері өзара әрекеттесіп, қайтадан бастапқы заттарды түзеді, мысалы:
Бастапқы заттардың арасындағы реакция тура жүретін реакция деп аталады, әрекеттесуші массалар заңына сәйкес оның жылдамдығы:
Реакция өнімдерінің әрекеттесуші заттарға бағытталуы кері реакция деп аталады, оның жылдамдығы:
Біртіндеп бастапқы заттардың концентрациясына азайған сайын тура жүретін реакцияның жылдамдығы кемиді де, кері бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы артады. Ақырында, қарама-қарсы бағытта жүретін реакциялардың жылдамдығы теңеседі (). Реакцияласушы заттардың концентрациясы өзгермейтін күйге келеді, оны тепе-теңдік концентрациясы деп атайды.
Тепе-теңдік кезіндегі концентрациялардың өзара қатынасын былай кескіндеуге болады:
Тепе-теңдік кезіндегі концентрациялардың өзара қатынасын былай кескіндеуге болады:
- тепе-теңдік константасы
Химиялық тепе-теңдік заттар концентрациясының өзгеруіне, температура мен қысымға тәуелді түрде тура немесе кері реакцияның бағытына қарай ығысады. Ығысу бағыты Ле-Шательенің принципіне сәйкес жүзеге асады:
Химиялық тепе-теңдік күйіндегі жүйе жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуі өзгерсе, тепе-теңдік сол өзгеріске қарсы жүретін реакцияның бағытына қарай ығысады, бастапқы тепе-теңдік күйін сақтауға тырысады.
Осы принципке сәйкес қысымды арттырғанда химиялық тепе-теңдік оған қарсы әрекет көрсететін, яғни газ молекулаларының саны кемитін жағына қарай жүретін реакцияның бағытына қарай ығысады.
Температура артқанда тепе-теңдік эндотермиялық реакция жағына, төмендеткенде экзотермиялық реакция жағына ығысады.
Температура артқанда тепе-теңдік эндотермиялық реакция жағына, төмендеткенде экзотермиялық реакция жағына ығысады.
Реакция үшін тепе-теңдік константасының мәнін жазыңыз:
- реакциядан кейінгі және реакцияға дейінгі газ тәрізді заттардың моль сандарының айырымы