(сурет-3) байқағанымыз- дай, сыртқы сауда айналымында 2015-2018 жылдар аралығында ұлғайу жағына қарай қалыптасқан үрдіс көрінеді, алайда 2020 жылы төмендеп 85 млрд АҚШ долларын құрап, 13%-ға төмендеген. экспорт үлесінде 2018 жылы ұлғаю үрдісін көрсетіп 61,1 млрд. АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда импорттың бір қалыпты оң динами- касы байқалады.
Жекелей тұрғыдан алғанда басымдыққа елдің экспорттық саудасы ие болса, сосын импорт және одан кейінгі ретте сыртқы сауда көлемі әсер етеді. Алынған нәтижелерді ескере келе, келесідей қорытынды жасауға болады. Жалпы Қазақстанның әлемдік эко- номикада жоғары рейтингке жету жолында ең алдымен негізгі экспорттық тауарлар мұнай, метал және бидай өнімдерінен бөлек елдің өндірістік саласын дамыту әрі жаңғырту арқы- лы дайын өнімдер экспортын ұлғайту қажет. Бұл тұрақты экономикалық өсімнің айқындаушы факторларының бірі болып табылады. Бұл үшін өнімді экспорттаудағы проблемаларды оңтайландыру қажет. Қазақ- станда өнімді экспорттау кезіндегі негізгі проблемалардың қатарында тасымалдау құнының жоғары болуы, әлсіз маркетинг және логистика секілді проблемаларды атап өту керек. Аталған проблемаларды жойып елдегі экспорттың әлеуетін арттыру арқылы ЖІӨ-ді де ұлғайтып, экономикалық өсімге ықпал ете аламыз.
Талдауда көрсетілгендей тікелей шетел- дік инвестициялардың ЖІӨ-ге әсері теріс, әрі өте әлсіз екендігі анықталды. Бір жағынан бұл олардың пайдаланылу бағытының жүйесіздігінің айқын көрінісі болып отыр. Осы себепті шетелдік капиталды тартуда және оған жағдай жасауда мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігі сөзсіз. Бұл мемлекетіміздің келешектегі даму мүд- десін қамтамасыз ету жолында тікелей ше- телдік инвестицияларды пайдалануда нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда орын алып жатқан көп- теген макроэкономикалық және геосаяси мәселелердің, оның ішінде әлемдік мұнай бағасының түсуі, валюталардың девальва- циясы, елдер арасындағы санкциялардың болуына қарамастан мемлекеттер арасындағы сауда қарым қатынастары күшеюде және бұл елдердің интеграциялану жағдайына оң әсерін тигізуде. Бұған дәлел бүгінгі күні импорттың пен сыртқы сауданың және тікелей шетел- дік инвестициялардың қиын экономикалық жағдайдағы мемлекеттердің өз позицияларын- да қалуға, сонымен бірге, олардың бәсе- келестігі жоғары мемлекеттер қатарына енуіне және мемлекет ішіндегі іскерлік ортаны қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асыруда белсенді қызмет етуі болып табылады.