Сыртқы сауда және тікелей шетелдік инвестициялардың Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ету деңгейін талдау



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі19,5 Kb.
#98045
  1   2   3
Байланысты:
Экономика (копия)


Сыртқы сауда және тікелей шетелдік инвестициялардың Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ету деңгейін талдау

Барлық әлем мемлекеттері үшін ортақ экономикалық мәселе экономикалық өсу болып табылады. Қазіргі кезде ғалым адамдары елдің экономикалық өсуін жалпы ұлттық өнімінің нақты немесе потенциалды ұлғаюы- мен және елдің экономикалық қуаттылығының артуымен түсіндіреді. Осы түрғыда макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық талдаулар мен бағалаулар жүргізу үшін жиі қолданылады. Макроэкономикалық көрсеткіштердің көме- гімен қоғамдық өндірістің құрылымын, эко- номикалық өсудің қарқынын, халық ша- руашылығының негізгі тепе-теңдіктерін, мемлекеттің, кәсіпорынның және халықтың қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, келешекке болжам жасауға ықпал етеді.


Жалпы ішкі өнім экономикалық өсуді сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болғандықтан осы көрсеткіштің динамика- сына әсер ететін негізгі факторларды бағалау қажеттілігі туындайды. Жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне әсер ететін факторларға сыртқы сауда тауар айналымы, экспорт, импорт және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін жатқызуға болады. Елдің экономикалық өсуіне айтарлық- тай әсер ететін тікелей шетелдік инвес- тициялардан басқа, сыртқы сауданы білдіретін ең маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі тауарлар мен қызметтердің импорты мен экспорты болып табылады. Экспорт экономикалық өсуге оң әсер етеді деген теориялық пікір қалыптасқанымен, ал импорттың экономикалық өсуге қалай әсер ететіндігі жайында пікір қалыптаспаған. Бұл тұрғыда кейбір экономистердің пікірінше, импорт экономикалық өсуге оң әсер ететін- дігін ұсынсы, ал кейбір экономистердің пікірінше импорт экономикалық өсуге кері әсер етеіп, шектеу жасайды деген көз- қарастарын білдіреді.
Жалпы осы экспорт, импорт, сыртқы сауда және тікелей шетелдік инвстициялар мен жалпы ішкі өнім арасындағы байланыс бар жоқтығын анықтау мақсатында кор- релляция-регрессиялық әдіс қолданылады.
Коррелляция-регрессиялық әдіс оның екі құрамдас бөлігінен тұрады – корре- ляциялық талдау және регрессиялық талдау. Корреляциялық талдау – таңдамалы айны- малылар арасындағы байланыстың жақын- дығы мен бағытын анықтауға арналған сандық әдіс.
Регрессиялық талдау – айнымалылар арасындағы себепті байланыста математи- калық функцияның түрін анықтауға арналған сандық әдіс. Регрессиялық талдау екі немесе одан да көп айнымалылар арасындағы байланысты зерттеу үшін қолданылады. Екі айнымалылар арасындағы байланыстар қарапайым регрессиялық талдау, ал екіден көп айнымалылар арасындағы байланыстар көптік регрессиялық талдау деп аталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы- ның дамуы айқын классикалық экономика- лық сценарий бойынша жүзеге асуда. Себебі салыстырмалы түрде экономикалық дамудың басымдылығы табиғи пайдалы қазбаларды өндіру және оларды сыртқы нарыққа экспорттауға негізделген. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2020 жылы еліміздің ЖІӨ көлемі 163,23 млрд. АҚШ долларын құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 10,15%-ға дейін қысқарған. Бұл әлемдік нарықта мұнай бағасының 2011 жылмен салыстырғанда 200,38 АҚШ долларынан, 41,86 АҚШ долларына дейін төмендеуі негізгі факторлардың бірі болып отыр.
Осы мәліметтерге сүйене келе, еліміздің экономикасының негізгі бөлігі шикізат ресурстарына тәуелді екендігін анық байқау- ға болады. Бұл – ел эконмикасының әліде болса біржақты дамуының айқын көрінісі.
Мемлекеттің экономикалық саясатының негізі – ол экономикалық айнымалыларды реттеу, демек бұл айнымалылардың басқа айнымалыларға қалай әсер ететіндігін білу. Яғни экспорттың, импорттың, сыртқы сауда- ның және тікелей шетелдік инвестициялар- дың Қазақстан ЖІӨ-не әсерін бағалауды анықтау керек.
Оны мына суреттен көруімізге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет