Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы ( проекта) Издание /басылым 1/2022 Стр/бет



бет4/10
Дата20.05.2022
өлшемі490,5 Kb.
#35165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
СМК ПП-5.3-91-01
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже /
Положение о защите курсовой работы
( проекта)

Издание /басылым
1/2022
Стр/бет.
5 из 30






    1. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері

Шалғайдағы шағын жинақталған мектептердің басты ерекшеліктері, ол сыныптағы оқушылар санының аздығынан бірнеше сынып оқушыларының біріктіріліп оқу-тәрбиесін алуы, сол жинақталған сыныптарда бір мұғалімнің сабақ жүргізуі, осыған орай ұстаздар санының шағындығы, екі (үш, төрт) сыныптағы сабақтың бір мезгілде өткізілуі, оқушылар санының өзгеріп, ауысып отыруы және сабақ кестесі мен оқытуды жоспарлау жүйесінің өзгешелігі мен тұрақсызданып тұруы.


«Сыныптағы балалар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап беруші» рөлінде болады.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр жүктеме. оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоционалдық, психологиялық және жалпы интелектуалдық даму жағынан да кері әсер етеді» деген А.И. Залғаринованың пікіріне қосыла отырып, оқушы мұғалімнің жиі сабақ сұрағаннан кейін оқытушы мен оқушы арасындағы сыйластығы, оқытушының оқушыға көзқарасы төмендей түседі. Оқушылардан сабақты күнде сұрамау керек деген әдіске қосылуға да, қосылмауға да болады. өйткені, музыка сабағы өте қызықты өтетін болғандықтан, бала жалықпайды. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін қатаң сақтап, балалардың қызығушылығын арттырып сабақ жүргізу керек. Ол үшін сабақта дидактикалық ойындар, өзіндік жұмыстар, ой қозғаулар, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттері болып табылуы керек. Музыкалық тәрбие жүргізу мәселесінқарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқылы шағын жинақталған мектеп оқушыларымен музыкалық тәрбие жүргізу үрдісі тиімді болуы үшін:

  • мектеп оқушыларына музыкалық тәбиенің ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздерін анықтап беру;

  • мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық тәрбиенің тиімді көрсеткіштері мен деңгейлерін ұсыну;

  • оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына музыка өнері арқылы музыкалық-педагогикалық шарттарын белгілеп беру;

  • музыкалық тәрбие мазмұны құрылып, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіліп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілуі керек. Сонда ғана шағын жинақталған мектеп оқушыларана музыкалық тәрбие жүргізу нәтижелілігі арта түседі [6].

Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие – бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира байтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Бүгінгі заман талабы – еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр.Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемде, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру деп С.И. Жайназарова тұжырымдайды. Сол сияқты қоғамда өз орнын табу мақсатында мектеп пен тәрбиенің бір-бірімен егіз екені айқын нәрсе. Ал, білім беру ісіндегі ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Осы ұлттық тәрбие ауылдық, соның ішінде шағын жинақталған мектептерде қалыптасады. Музыкалық тәрбиенің ішінде салт-дәстүр де, рухани байлық та, ұлттық құндылық, адамгершілік қасиеттер де бар. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. Осы мәселе жөнінде М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттің балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп ой түйеді. Осылай дей келе, біз музыкалық тәрбие арқылы ұлт қадірін білуге және патриоттық сезімін қалыптастыруға тәрбиеленеді. Ал, ұлттық тәрбиенің мектеп табалдырығында бастау алады. Ұлттық музыка, ұлттық өнер, мәдениет арқылы мектеп балаларының бойында музыкалық тәрбиені қалыптастырамыз. Ол үшін музыкалық тәрбиенің жеке тұлғаға деген қырым-қатынасын көрсетсек.
Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушырды халықтық музыкаға баулиды [2].
Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі – оқу біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді.
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат.
Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеі екені даусыз деп Ж.М. Ізтаева тұжырымдағандай, шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктері қоғам дамуында едәуір ықпалын тигізеді. Музыкалық тәрбиенің жалпы мағынасына ену үшін, тәрбие дегеніміз не деген сұраққа жауап берсек.
Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз етеін үдеріс. Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымына кең мағынада тоқталар болсақ, әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, мектептерді, ауылдық мектептер, мәдениет ошақтарын, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып табылады. Сонау ғасырлардағы тәрбие туралы айтылып кеткен ой-пікірлер осы ұрпақиан ұрпаққа тарау арқылы бізге жетіп отыр. Соның бірі, Батыс еуропаның ағылшын философы Джон Локк (1632 – 1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтағаә теңеген болатын. Ал, Францияда Жан-Жак Руссо (1712 – 1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды [7].
Қазақстандың ағартушы-ғалымдардан айтатын болсақ, алдымен Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 – 1865) атын атап өтеміз. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу-мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдермен терезесі тең болуын аңсады. Осылайша, «Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға үйретеді» деді Шоқан. Сонымен қатар, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы (1873 – 1937) мол мұра қалдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне арнады. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Тәрбие мен құндылықтардың тұлға дамуына ықпалын қарастырар болсақ, М. Жағыпарованың «...Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады...» деп атап өткендей, оқыту процесінде негізгі үш міндет: білім беру, тәрбиелеу, дамыту орындалады.
Білім беру міндетінде қарым-қатынас оқытушының оқушылармен шынайы психологиялық қарым-қатынасын, олардың қажетті мотивациясын қалыптастыруды, ұжымдық-танымдық ізденіс пен ортақ ойлауды психологиялық жағдай туғызуды қамтамасыз етеді.
Тәрбиелеу – қарым-қатынас міндетінің көмегімен тәрбиелеушілік және педагогикалық қатынасты және бала мен педагогтың арасындағы психологиялық байланысты орнату, тұлғаның танымдық бағыттылығы оқушы ұжымымен жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Әрине, мұның бәріне оқу әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы әсер етеді.
Дамытушылық міндетінде қарым-қатынас арқылы психологиялық мәселелерді шешу, өз бетінше оқу мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері қарастырады. Осы қасиеттерді дамытуда, шағын жинақталған мектептердегі оқытушылар келесі мүмкіндіктер:

  • қарым-қатынас процесінде тұлға дамуын тежейтін әлеуметтік психологиялық факторлары жойылады (ынжықтық, өз-өзіне сенбеушілік, т.б.);

  • тәрбиеленушінің индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік берді;

  • тұлғаның негізгі қасиеттерінің қалыптасуымен әлеуметтік психологиялық дамуы жүзеге асады. Тәрбиенің қоғамдағы, білім жүйесіндегі, отбасындағы, мектептердегі атқаратын қызметі мен ережелерінен кейін музыкалық тәрбие ұғымын тарқатып айтуға болады.

Ауылдық-селолық, шалғайдағы жерлерде балаларға музыкалық тәрбие беру ісі оңайға түспейді. Өәткені арнаулы білімі бар музыка, мамандар жоқтың қасы. Кең сахнасы, рояль мен пианиносы, баян мен аккордеоны, үрмелі аспаптары жоқ шалғайдағы елді мекендер бізде әлі де жетерлік.
А.Қ. Жұбанов тәрбие, шалғайдағы мектептер жайлы, оның ішінде эстетикалық тәрбие туралы көптеген ой-тұжырымдар жазған, солардың бірі: «... Біздің Көркем әдебиет, педагогикалық баспаларымыз қазақтың халық әндерінің, композиторлардың ән, хор, фортепиано, скрипкаға арналған шығармалар жинақтарын жарыққа шығарды, баянда ойнап үйрену жинағын басып шығарады. Өнерпаздар үшін, мектептерде музыка сабағын жүргізетіндер үшін бұл үлкен көмек деуге болады. Бірақ, бір айта кететін нәрсе – осылардың көбі ауылды, ауданды жерлерге жетпейтін көрінеді...». Сағаттардың жетіспеуінен көптеген шағын жинақталған мектептерде музыка сабағынан беретін мұғалімге мүлдем өзге пән мұғалімін жүктеп қояды. Ән сабағының дұрыс жүріп отыратынын бақылап отыратын орындардың өзі осындай зорлыққа барғансын артық әңгімені де айтып керегі жоқ секілді. Музыкалық тәрбие беру эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық , этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде ,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық өнер .Соның ішіндегі бастауыш мектеп оқушыларының бастапқы музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды бөлігі – музыкалық тәрбие болып табылады. Ал музыкалық тәрбие балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін мақсатты бағыттап, жүйелі түрде дамыту және музыкаға эмоциональды қарым-қатынасын, оның мазмұнын терең толғаныспен түсіне білуге тәрбиелеу екенін ескерсек, оның бастауыш сынып оқушылары үшін маңыздылығы арта түседі. Өйткені музыкалық тәрбиенің балаларға тікелей және кешенді түрде әсер ете отырып, олардың рухани жан дүниесін байытуда, адамгершілік өркениетін қалыптастыруда, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ролі зор. Музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктеріне адам жанына кешенді әсер ету барысында оқушылардың музыкалық-эстетикалық қызығушылығын, қабілеттерін, эстетикалық қарым-қатынастарының қалыптасуына септігін тигізеді. Сондай-ақ музыка адам жанын эмоциональды толғандырып, ойлау, есте сақтау, қиялдау, зейін қою, ерік күші сияқты психологиялық қасиеттерінің дамуына, тіпті дене тәрбиесінің жетілуіне де музыкалық тәрбие мен музыкалық іс-әрекеттер жан-жақты әсерін тигізеді. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қабілетін дамытуда эстетикалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастырылуының маңызы айрықша.
Эстетикалық тәрбие өнер құралдарымен (музыкада – дыбыс, суретте – бояу, әдебиетте – сөз) жасалған көкем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай жасайды.
Музыканың әсер етушілік қабілеті музыкалық, шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.
1. Музыкалық шығарманың жазылу сапасы – оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен өлшенеді.
2. Әлеуметтік жағдай – оқушының қоршаған ортадағы қарым-қатынас жасауына қажетті мүмкіндік. Мысалы: қалада ауылмен салыстырғанда оқушылардың операға, концерттер мен театрға баруға мүмкіндігі мол, ал ауыл балаларында мұндай мүмкіндік көп бола бермейді. Дегенмен, қазіргі жедел, күрт даму ( акселерация) кезеңінде оқушылардың музыкалық талғамы мен ой өрісі әлдеқайда жоғары. Шағын жинақталған мектептердегі, мәдени клубтарда сирек болып тұратын концерттер мен ауыл оқушыларынан құралған ансамбль, театр көріністерімен ғана шектеледі. Әйтсе де, шағын жинақталған мектептер қоғамда өз орны бар. Осындай музыкалық тәрбие жүргізу мүмкнідіктері шағын жинақталған мектептерде жүргізіліп отырады, бірақ теңіз тамшысындай аз болып тұратыны анық [3].
Ахмет Жұбанов: Осы кездегі әрбір қалалардағы, колхоздардағы, өндірістердегі ашылып жатқан халық университетері, халықтық театрлар, музыка, сүгірет мектептері және басқа шаралар игілікті бастамалар. Ал осылармен қатар, орта, жоғары мектептердегі көркемөнер үйірмелеріне көп көңіл бөлмей болмайды, - дей келе қазіргі ауылдық жерлерде көптеген клубтар, мәдениет үйлері салынып, жұмыс жасап жатқанымен, музыкалық тәрбиелік мәні бар шаралар аз орындалып отыр. Ол үшін талмай еңбек етіп, жағдай жасалынуы қажет. Мектеп балаларымен, оқушылардың ата-аналарымен, мұғалімдердің қатысуымен көптеген ансамбльдер, театрлар, ауыл өмірімен байланысты етіп қызғылықты, оқушының ой-өрісін дамытып, музыкалық тәрбие беретін кружоктар ашып, мәдениетпен сабақтастырып өркендету керек. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбиені дұрыс бағытта алып жүруші, мектеп айнасы ол – мұғалім. Тәрбие беруді ұйымдастыруы, фантазиясының кеңдігі, құзіреттілігінің биік деңгейдегі болуы мұғалім міндетіне жатады. Мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие беру үшін қарым-қатынас жасауға қажетті мұғалімнің бойындағы мәдени қасиеттері болуы шарт. Білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына вңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыруы керек. Мұғалімге: музыка пәніне бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер аса қажетті. Шалғайдағы мектептерде білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Мәдениеттің прагматикалық және руханилық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Ал, еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.
Мұғалімнің шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктерін дамыту сапалары қарым-қатынас, яғни оқытушы мен оқушы арасындағы байланыста жүріп отырады. Осы тұста, Б.Б. Айсмонтастың қарым-қатынасқа қажетті мұғалімнің мәдени, оқу-тәрбие ісіндегі сапаларын:

  • адамдармен жұмыс жасауға қызығушылық, олармен тез тіл табысып

  • қарым-қатынас жасай білу сапасы;

  • эмпатиялық-эмоционалдық қабілетпен адамдарды түсіне білу сапасы;

  • икемді, шұғыл шығармашылық ойлау мәдениеті, күтпеген

  • жағдайдағы қарым-қатынасты тез және дұрыс бағдарлау, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу мәнерін өзгерте білу сапасы;

  • қарым-қатынаста кері байланысты түсіну және қолдана білу сапасы;

  • өзін-өзін басқара білу және өзгенің психологиялық жағдайы мен

  • тұлғасын, дауыс ырғағын сезімін, ойлау әрекетін басқар білу сапасы;

  • өзінің нәтижесінде ықпал етіп, педагогикалық жағдаятты болжау

  • сапасы;

  • жақсы вербалды қабілеттерге: мәдениет, дамыған тіл байлығы, бай

  • лексикалық қор, дұрыс әдіс-тәсілді таңдау сапасы;

  • күйзелісті шеберлік мәдениетімен игеру;

  • шеберлікпен сөйлеу – ұстаздың музыкалық тәрбие берудегі

  • қабілеттілік сапалары деп көрсетуге болады.

Көрнекті психолог Б.М. Теплов: Музыка жаңа фактілер мен идеялық білім бере алмайды, бірақ игерілген білімді эмоциялық жағынан толықтырып, оны жоғары деңгейде тереңдетіп, сапасын көтереді, - дей келе, музыканың адамның көңіл-күйіне қатысты орнын анықтаған. Сонымен қатар белгілі ғалым-зерттеушілер, А.В. Затаевичтің «қазақ халқы .... әлемдегі ең бай халық болып есептелуі тиіс, оның әндерінің мазмұны мен ой тереңдігі, әуен әсемдігі, сымбатты түр сипаты халықтың үлкен интеллектуальды дарындылығын байқатады» десе, Б.В. Асафьевтің: «Қазақтардың әндері өзінің эмоциялық сезімталдығымен, сезімнің тазалығын, айқындығымен және көркем шынайылығымен баурап алады.... Оларда қазақ халқының өмірі, өмір мектепбі де, бастан кешкен жәнебастан кешіп отырған философиялық ой-тұжырымдары да аса нәзік лирикалық тебіреністерді де өмір құндылықтарын шаттана орнықтыру да бейнеленген. Бұл әуенде көптеген ұрпақтардың парасаты мен ойлары, сезімдерінің дүниетанымдары естіледі» - деп нақтылай түседі. Осы айтылған фактілер мен ой-тұжырымдарға сүйене келе, музыкалық тәрбиенің балалардың мәдениетті де, көркем мінезді болып өсіп-қалыптасуына ықпалы шексіз. Сондықтан музыкалық тәрбие шағын жинақталған мектептердегі мүмкіндіктерінің дамуына көптеп септігін тигізеді. Музыканың құдіреттілігі күшті және тәрбиелік мәні зор. Мектептің кілті ұстаз болғандықтан, көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: Сабақ жас өспірімдердің интеллектуальды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына аналады, - дегендей шағын жинақталған мектептерде музыка мұғалімінің музыкалық тәрбие беруде ықпалы зор.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, қоғамға, еңбекке, өмірге тәрбиелейді.





«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»
Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет