«Қош келдің, Жаңа жыл»
Жүргізуші:Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын,
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым! Құрметті балалар,ата-аналар,ұстаздар,қонақтар,жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің,Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Құрметті жамағат жүрекке жылулық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан интернатымыздың білікті тәрбиешісі Зәуре апайға береміз.
-Жаңа жыл -жаңа қадам,жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт
Құтты болсын жаңа жыл,барша халық
Қуанышқа,шаттыққатамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!-дей келе Ақтоты мен Гүлдина қыздарыңызды әсем әнімен ортаға шақырамыз.Қол соғып ,қошеметтеп отырыңыздар!
-Білесіздер ме осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екен.Бұл күні қуанбаған жан қалмайды,бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып,жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,еңбектеген баладан,еңкекейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен.Ендеше осы жаңа жылдың иелері Аяз ата мен Ақшақарды шақырып алайық.Ақ киімді денелі ақ сақалды-деп Абай атамыз жырға қосқандай,ұзақ күттірмей,барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық!
Аяз ата ,Ақшақар
Аязата,Ақшақар ортамызға қош келдіңіздер!Төрге жайғасып,біздің өнерлі жастарды тамашалаңыздар!
Бұл жылы балалар жаңа жылды ерекше түрлі түсті вечеринка түрінде өткізбекші.Ендеше балаларымыздың дайындап келгенін тамашалайық.
-Ей жаңа жыл,жаңа бақыт ырысым
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Жаңа жыл,жаңа бақыт ,жаңа жыр
Ізгілік,бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.-дей келе ортаға әсем әнмен Диас пен Нұрисламды шақырамыз.
-Жаңа жыл мерекесі құтты болсын
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып
Қане достар күлкімен орта толсын -дей келе келесі кезекті қыздарымыздың көрінісіне береміз.
-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын
Шат күлкіге толы болсын маңайың
Көргендер де көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын-дей келе келесі кезекті ұлдардың биіне береміз.
-Уа халайық,жарандар
Айналаға қараңдар
Қызық көріп,шат болып
Шалқып күліп тараңдар
Уа халайық құрметті
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті-дей келе келесі кезекті ойынға береміз
-Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай
Халықбіткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық-дей келе келесі кезекті Ақтоты мен Айарудың әсем әніне берейік.
-Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды-дей келе келесі кезекті ұлдардың көрінісіне берейік.
-Төрлетіңдер,төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп
Күй жырларды төгіңдер -дей келе келесі кезекті Абылай мен Әселді әсем әнімен ортаға шақырамыз.
-Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!-дей келе келесі кезекті биші қыздардың биіне берейік.
-Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым -дей келе кешіміздің соңын Кенжехан мен Бекеннің әсем әнімен аяқтасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |