Сөж тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы Орындағандар


Әлеуметтік тап мәселелерінің салдары



бет6/6
Дата29.11.2023
өлшемі118,03 Kb.
#131287
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СӨЖ әлеуметтану

Әлеуметтік тап мәселелерінің салдары
Әрқайсысымыздың мінез-құлқымыз бен қарым-қатынасымыз ең болмағанда бір себеппен қай әлеуметтік тапқа жататынымызды білдіреді. Сіз боулинг немесе теннис ойнауды қалайсыз ба? Шетелдік не­месе америкалық фильмдерді таңдайсыз ба? Сыра ішесіз бе, әлде шерри ме? Осы және өзге де таңдауларыңыз әлеуметтік табыңызға байланысты жасалады. Адамның әлеуметтік табын білу басқа кез келген ақпаратқа қарағанда көп мәлімет береді. Сондықтан «Сізді көргеніме қуаныштымын!» деген сөз тіркесі көбінесе «Сіз немен айналысасыз?» деген сұрақтан кейін айтылады.
Әлеуметтік таптар арасындағы айырмашылық қарапайым тал­ғамға ғана қатысты емес, оның нәтижесіне де әсер етеді. Кедей адам­дар­дың зорлық-зомбылық құрбаны болу, оқудан шығып қалу немесе созылмалы ауруға, не мүгедектікке шалдығу ықтималдығы өте басым (U.S Bureau of the Census, 2011). Осы мысалдардан байқалғанындай, қалталы азаматтардың өмір сүру сапасы жоғары.
Әлеуметтік мобильділік – әлеуметтік таптың өзгеру процесі. Санасы, мінез – құлқы мен мәртебесі түйісіп отыратын, аралық жағдайда және көбіне қандай да бір себептермен өзара әрекеттес әлеуметтік топтардың біріне гзақ уақыт бойы бейімделе алмайтын немесе бейімделгісі келмейтін адамдардың, қандай да бір әлеуметтік топтар щкілдерінің жиынтығы маргиналдар деп аталады (ол латынның marginalis – шетте тұрған деген сөзінен шыққан). Олардың мәртебесінің шығу тобы мен басымдық танытушы топ арасындағы шекаралық, аралық сипаты болады, сондықтан бір жақты өзін – өзі сәйкестендіруге келмейді.
Әлеуметтік рөл – белгілі бір әлеуметтік мәртебесі бар адамнан күтілетін жүріс – тұрыс. Ол осы мәртебеге тиісті құқықтар мен міндеттер жиынтығымен шектеліп отырады. Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді. Рөлдерді реттеу ресми рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Тәжірибеде бұл жеке адамның белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, 2018

  2. Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки;ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б

  3. Әлеуметтану, 1-кітап: оқулық/жалпы ред. Басқ. М. М. Тәжин. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 346 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет