Сөж тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы Орындағандар



бет1/6
Дата29.11.2023
өлшемі118,03 Kb.
#131287
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «география және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «география, кадастр және жерге орналастыру»

СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Орындағандар:
Оразалы Әсел
Сәрсен Саяжан
Байдабек Рауан
Аманқлич Балнұр
Тексерген: Арын Д.А.
Алматы, 2023ж
Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым. Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бұл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады – бұл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады.
Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропологиясияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-құлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай тұрып зерттеушілер­дің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғы­лымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өз ерекше­лігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес) мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера (Quinceañeras) сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасалатынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-құлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қарағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерттесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратылатынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жұрттың көбі неге камерасы бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қарастырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай әсер ететінін басты назарда ұстайды.
Әлеуметтану – әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік таптардың және топтардың байланысын зерттейді. Тарихқа жүгінсек, социологтардың бәрі дерлік осы ғылымның пәнін анықтауға тырысқан.
Қоғам – қауымдастық пен ұлтты немесе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты сенімдерді тоғыстыратын, ұзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық. Қоғам- адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыстары мен өзара іс – әрекетінің тарихи қалыптасқан нысардарымен біріккен әрі тұрақтылығымен және тұтастығымен, өзін – өзі байытумен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен және өздігінен дамуымен, мцдени дамуының өзара байланыстары мен өзара іс – әрекетінің негізін құрайтын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар көрініс табатын деңгейімен сипатталатын жиынтық. «Әлеуметтік топтар» теорияларында қоғам – бір басым топтың сан алуан түрі болып табылатын адамдардың түрлі топтарының жиынтығы ретінде түсіндіріліп келеді. Қоғамды адамдардың неғұрлым жалпылама жиынтығы ретінде қарастыра отырып, бұл тұжырымдаманың авторлары “қоғам” ұғымын “адамзат” ұғымымен теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет