Сөж тақырыбы:Құндылықтарға бағдарлану психологиясы және құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресрусы ретінде


ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі236,68 Kb.
#92374
1   2   3   4
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ
Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.
Құндылық мəселесінің əртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін, И.Д. Багаева, З.И. Васильева, Д.Ə. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын əлеуметтік тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, мінез принциптері.
Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес; индивид, тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады.
Дəл осы кезде, екінші жағынан, құндылықтар іс-əрекет пен мінез-құлықтың мотиві секілді жаңа түрде шығуы, яғни адамның əлемдегі бағдары жəне нақты бір мақсаттарға жету үшін тырысуы қатал түрде тұлғалық құрылымға кіріп кеткен құндылықтармен өзара қатынастырылады. Сондықтан, құндылықтар адам мінез-құлығы мен іс-əрекеттің мақсатымен анықталатын жағдайды көрсетеді, тырысулар объектісін «құнды» секілді қарастырады. Олар шынайы өмірде ұнамды жəне ұнамсыз жақтарын табуға жəне өзінің мақсатқа бағытталған іс-əрекетін танылған жəне күтілетін жəйттер есебінен құруға көмектеседі.

 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет