СоөЖ №4 к лиматтың жылынуы және оның қоршаған ортаға әсері


Қазақстандағы жаһандық жылыну мәселесі



бет2/10
Дата19.03.2022
өлшемі2,33 Mb.
#28442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстандағы жаһандық жылыну мәселесі

Соңғы уақыттары елімізде ауа-райы күрт ысып, тіпті Қызылорда облысында ауа-райы температурасы рекордтық 70 градус цельсиге дейін жеткені хабарланған. Ал, ШҚО-да құйын болып ТЖ кезінде бір адам қаза тауып, бірқатар облыстарда жауын-шашын салдарынан су тасқыны орын алды.

«Қазақстан- әлемдік климаттың өзгеруіне септігін тигізіп жатыр»

  • -2016 жылы Африкада Марикендж қаласында климаттың өзгеруіне байланысты конференция өткен. Әлемнің бірқатар елдері осы конференцияға қатысып, осы мәселе төңірегінде сөз қозғап, жаһандық жылынудың зардаптарын айтып қынжылды. Біздің ел үшін климаттың өзгеруі-фантастика. Ал өзге мемлекеттер үшін бұл үлкен проблема. Қазақстан да өз тарапынан климаттың өзгеруіне әсерін тигізіп жатыр. Ең алдымен Арал теңізі проблемасы осыған әсер етеді. Арал теңізі құрғап кеткеннен аспанға тұздың ұшуы-климатқа әсер етсе, екіншіден еліміздегі мұнайдың әсерінен шығатын парниктік газдар, көліктердің пайдаланатын жанармайы, көмір жағатын үйлер, ТЭЦ-тер, электр шамдары- Қазақстандағы климатта өзгеріске ұшырауына әсер етіп отыр.
  • Париж келісіміне отырған соң Қазақстан өз мойнына жауапкершілік алды. 2020 жылға дейін Қазақстан парниктік газдардың белгілі бір өлшемін азайту керек. Алайда бүгінгі таңда біз осы келісімге сәйкес іс-қимылдар жасап жатқан жоқпыз. Керісінше парниктік газдардың мөлшері көбейіп жатыр. Негізінен алғанда, күннің ысуы-жаһандық жылынудың басты себебі емес. Мұзды мұхиттың еруі мен ауа температурасының +1 градусқа ысуы да жылынуға әсер етеді.
  • Әлемде ауа температурасы +3 градусқа көтерілсе мұзды мұхит, Антарктида еріп, мұхиттағы су деңгейі өсіп, ол өз кезегінде ауыз судың тапшылығына әкеледі. Париж келісімі бойынша ауа температурасын +2 градусқа дейін ұстау керек. Қазақстан осы келісімге қол қойса да, энергияның балама көздерін табуға байланысты әрекет етіп жатқан жоқ. Осы 100 жыл ішінде біздің ғаламшарымыздың өмірі мен болашақтағы тіршілігі қандай болатыны белгілі болады. Жаһандық жылынудың қаупі-ол адамзатты ақыр заманға алып келуі мүмкін. Ауыз су таусылса, жер бетіндегі 8 млрд. адам сусыз қалады, құрғақшылық орнайды»-дейді эколог.
  • Жер ғаламшарының климаты ешқашан тұрақты болған емес, ол әрдайым өзгеріп отырған дейді ғалымдар. Жылы ауа-райын қақаған суық аязды кезеңдер алмастырып, адам да өз кезегінде мұндай климаттық өзгерістерге куә болған. Тарихи хроникалар мен метеорологиялық бақылаулар, мұхит тұнбаларын зерттеу мен Арктика, Антарктида мұздарын талдау арқылы ғалымдар климаттың өзгеруін байқады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет