Соөж тақырыбы:Қазіргі қазақ әдебиетінің даму процесі әлемдік мәдениет контексінде


Қазақ әдебиетінің әлемге танылуы туралы,әлемдік әдебиеттегі орыны туралы айтқанда «Абай жолы» романы туралы айта кетпесе болмайды деп ойлаймын



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#47139
1   2
Қазақ әдебиетінің әлемге танылуы туралы,әлемдік әдебиеттегі орыны туралы айтқанда «Абай жолы» романы туралы айта кетпесе болмайды деп ойлаймын.
«… «Абай жолы» эпопеясы арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Бұл да аз, әлемнің басқа елдерінде де оған тең келетін шығарма табу қиын. Бұл,менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі…»»
Француз жазушысы Луи Арагон
Тарихымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді ұштастыра білген шоқтығы биік шығармалардың бірі – «Абай жолы» романы.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің осы эпопеясы арқылы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелді. Кітаптың алғашқы басылымы 1942 жылы, екінші томы 1947жылы, ал үшінші және төртінші томдары 1952,1956 жылдары жарық көрді.Бұрын соңды қазақ әдебиеті тарихында орын алмаған туынды әлемді таң қалдырып,дүние жүзіндегі сарапшылардың тарапынан аса жоғары бағаланды. Қазақтың аса бай әрі көркем тілімен өрнектеліп жазылған бұл шығарма қазақтың бар болмысын барынша ашып көрсетіп, халқымыздың барша әлемге танылуына түрткі болды. Аталған романның басты кейіпкері қазақтың маңдайына біткен жұлдызы, қазақ жазба әдебиетенің, әдеби тілінің негізін салушы, ағартушы, ұлы ақын –Абай Құнанбаев. Әуезовтың ұлттық тілмен көркем суреттей білген білімді сүйген, әділдікті сүйген Абай бейнесінен үлгі тұтар тұлға ретінде одан асқан адам жоқ екендігін ұғынуға болады.Өз заманында әкенің емес, халықтың ұлы бола білген ол қазіргі жастарымызға атаның емес, ел қамын жеген, халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөле білген, ұлтжанды азамат болу керектігін ұқтырғандай. «Абай жолы» романында қазақтың ұлы тұлғасы Абайдың өнегелі өмірі баяндалуымен қатар, қазақ халқының тәрбиелілігі, салт-дәстүрге беріктігі, дана халық екендігі суреттеледі.
Әлемнің 116 тіліне аударылған роман-эпопея 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Мәс­кеу мен Санкт-Петербург қалаларының өзінде роман-эпопея жиырмаға жуық қайта басылып шығыпты. Соңғы рет белгілі жазушы, аудармашы Анатолий Кимнің жаңа, тың аудармасымен басылды. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары түрік, иран тілдеріне аударылды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні-қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде алар орны зор.Бұл жетістікке жету үшін әдебиетіміздің тарихын қарастыруды жөн көрдім.Бұл жетістікке жетуде қазақ жазушыларының әр бірінің дерлік атқарар ролі зор.Оның ішінде «Абай жолы» романы басты рольде деп ойлаймын.Бірақ бұдан басқа шығармалардың маңызы жоқ деген сөз емес,әр қайсысы жеке бір өнер,қайталанбас шығармалар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет