Сот-лингвистикалық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
Сот-лингвистикалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Сот-лингвистикалық сараптамасын тағайындау кезінде қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Сот-лингвистикалық сараптамасын тағайындауға материалдарды жіберу үшін оларды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Жоспар:
сот-лингвистикалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және сот- лингвистикалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін түсіну және бекіту.
сот-лингвистикалық сараптамасын. тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту.
сот-лингвистикалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5сарапшы қорытындысынан кем емес).
сот-лингвистикалық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (3 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: сот-автортану және сот-лингвистикалық сараптаманың өзара байланысы қандай;
сот-лингвистикалық және сот-автортану сараптамасы қандай объектілерді зерттейді;
сот-лингвистикалық және сот-автортану сараптамасының ғылыми негіздерін не құрайды;
адамның жеке сөйлеу дағдысы қандай факторлармен негізделеді;
сот-құрылыстық сараптама қандай категориялы істер бойынша тағайындалады;
қандай идентификациялық сұрақтарды сарапшының алдына қоюға болады;
қандай идентификациялық емес сұрақтарды сарапшының алдына қоюға болады;
сараптама тағайындаған кезде сарапшыға қандай материалдар жіберіледі;
салыстырмалы, еркін және салыстырмалы-еркін үлгілерінің ұғымы нені білдіреді, сол сияқты, қандай сұрақтарды шешу үшін олар қажет;
еркін үлгілерді алудың тәртібі қандай және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы бар ма (процесуалдық ерекшеліктерін атаңыздар);
салыстырмалы үлгілерді алудың тәртібі қандай және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы бар ма (процесуалдық ерекшеліктерін атаңыздар);