Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.
1 Есеп. М.Бабаев «Айна» атты КСК –ға қарсы сотқа жолданды. Талап арызы 1 ықшам ауданы, 12 үй, 21 пәтер мекен-жайында орналасқан 5 қабатты үйдің төбе-шатырында 5 қабатта орналасқан пәтер тұрғындары жөндеу жұмыстарын жүргізген үшін материалды залалды өтеп алуға қатысты орын алып отыр. 20.. ж. мамыр айында, КСК сол пәтердің төбесіндегі жұмсақ төбе жабындысың 30 кв.м.алып тастады, оның орнына битумға рубероидттың екі қабатын төсеген. Қыста төбедегі жабындыдан су аға бастады, соның нәтижесінен, талапкердің пәтеріндегі қабырғалар бұзылып, жарамсыз күйге келді. Талапкер өзінің қаражатына (360000 тенге) жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аталған сомманы жауапкерден талап етеді, ал жауапкер «Айна» көрсетілген сомманы талапкер үлкейтіп көрсетіп отыр дейді және сараптама тағайындауды қажет етеді.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
2 Есеп. МКК «А.....Недвижимость» тапсырыс беруші және Бас тапсырысты орындаушы ЖШС «Б........А» сол жақ жағалауда, «Т... Тower» кешенің салуға қатысты шартқа отырды. Кейін, тапсырыс берушілердің құқықтары мен міндеттері 10.10.20.. ж. қосымша келісімге сәйкес, МКК «Казахстан т. ж.» көшті. 21.10.200. ж. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне сәйкес, салынған объект қала әкімінің бекітілген бұйрығымен эксплуатацияға берлді. Бірақ, кейін эксплуатация процесінде өрт болып, өрт-техникалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оттың тез таралуы, құрылыс кезінде қолданылған тез жаңғыш материалдарға байланысты екендігін дәлелдеді. Құрылыс шарттың мазмұның зерттеген кезде, комиссия мүшелері құрылыс кезінде пайдаланылған материалдар ҚР ҚН және Т сәйкес келмейтінің анықтады.
МКК «Казахстан т. ж.» сотқа талап арызымен қатар, комиссияның нәтижелерін және өзге де материалдарды жолдады.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
3 Есеп. Метроның құрылысына арналған материалдар және ақша қаражаттарын ұрлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында, құрылыста қолданылған цемент, бетон, битум т.с.с. құрылыс материалдары сапасыз және құрылысқа жарамсыз екендігі анықталды. Жауап алу кезінде, тергеуші аталған материалдар қандай нақты учаскелерде қолданылғаның біле алған жоқ.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?