Совет–Хан Єаббасов


* * * Б І Р І Н Ш І Т А Р А У



бет11/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   294
* * *
Б І Р І Н Ш І Т А Р А У.


1. ПЕДАГОГИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ ?

Иә‑ә, шындығында да «педагогика» ‑ дегеніміз не ? Бұл сөздің мәні мен шыққан тегіне бүгінгі түсінік пен көзқарасты байыптап көрелік. Сонда, грек сөзі «педагогика» – («пейдагогос») орыс тілінде – «детовождение» (пейда – ребенок /бала/, гогос – вести /жүргізу/ ) , немесе, баланы жүргізу, жетілдіру – тәрізді түсініктерін береді екен. Бұл сөз қазақ халқының түсінігіне Орыс елінен келгені белгілі. Ал, қазақ мәдениетінде педагогиканың баламасы – тағылым, білім, тәрбие, тәлім, тәртіп ретінде қабылданады. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсініктер де осы сөзден шығатындықтан – педагогика ғылымы – деп аталынады. Педагогика ғылымдарының зерттеу алаңы – адам тәрбиесінің негіздері мен заңдылықтарының түрлері, білім беру тәсілдері мен үйрету технологиялары арқылы жеке тұлғалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Оны үнемі ұрпақтан‑ ұрпаққа жалғастыра жетілдіріп отырады.


Педагогика ғылымдарының негізгі категориялары Жетілдіру_‑'>– Тәрбие – Білім беру және үйрету – Жетілдіру ‑ деп шартты түрде бөлінеді.
Тәрбие




Білім беру Үйрету




Жетілдіру


Тәрбие түрлері – Түйсіктік және Саналы тәрбие болып екіге бөлінеді. Түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбие ана құрсағында жүргізіледі. Құрсақтағы жан иесі ұрық тазалығы сақталып пайда болғаннан кейін, жетілу кезеңінің төртінші айынан бастап түйсіктік тәрбиеге бейімделіп қана қоймай, оны үнемі күтуде болады. Міне осы кезеңде, Жанның он екі арналары – түйсік – ұят – сүю – мінез – қабылет – зерде – жігер – ішкі бес сезім ‑ ашылуымен қоса, жетіліп тұрақталады. Ал бала жарық дүниеге келіп – нәресте – балбөбек – сәби – балиғат – кәмелет – кезеңдерінің әрқайсысының өздеріне ғана тән тәрбие тәсілдерімен ержететіні белгілі. Бұл айтылып отырғандар біз ұсынған ‑ екі сатылы методологиядан – шығатын екі жүйе – Жүрек тәрбиесі мен Ақыл тәрбиесі – Жеті түрлі негіздері – қалыптастыратын жаңа психо‑физиологиялық түсінікпен сипатталады.
Білім беру – тек дұрыс жүргізілген тәрбиенің жалғасы болуы керек. Білім әр кезеңдердің тәрбие тәсілдерімен үндестіріліп және жетілдіріліп отырады. Бала үлкейген сайын оның алатын білім түрлері де күрделене түседі.
Жетілдіру – тәрбие мен білім беруді үндестіре үйретумен қалыптасады. Осындай үндестіктердің әсерімен адамдардың тұлғалануы өрнектеледі.
Ана құрсағында жүргізілетін – Түйсіктік педагогикамен – бала дүниеге келіп ұлттық жөргегіне оралысымен‑ақ, сол ұлттың ‑ Халықтық педагогикасының – тағылымдарын, дәстүр‑салттары мен ырымдарын үйрене бастайды. Тәрбиенің мұндай сипаттарына «Халық педагогикасының» әр негіздерінде жеке‑жеке кең көлемде тоқталатынымызды ескертеміз.


Педагогика ғылымдары








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет