Совет–Хан Єаббасов


жалпы және жекелеген ғылыми әдістерді зерттеумен қоса, сол зерттеулердің нәтижесін п ә н ретінде жүргізуді де, пәрменді түрде қамтамасыз етеді



бет13/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   294
Ìåòîäîëîãèÿ – ғылыми пәннің әдістемелік ілімі. Ол - жалпы және жекелеген ғылыми әдістерді зерттеумен қоса, сол зерттеулердің нәтижесін п ә н ретінде жүргізуді де, пәрменді түрде қамтамасыз етеді. Оның негізгі сүйенетіні – диалектикалық заңдылық пен логикалық жүйе екенін естен шығармаған жөн.
Бүгінге дейін пайдаланып келген адам тәрбиесінің методо-логиясын с ы н д а р л ы көзқарасқа салсақ, онда тек бар болғаны адамды жай қ о ғ а м д ы қ т ұ л ғ а ретінде ғана қарастырған. Ал, оның ең негізгі сатысы биологиялық и н д и в и д – кезеңі адам тәрбиесінен де, тіпті ғылыми зерттеулерден де тыс қалып, осы уақытқа дейін ескерілмей отырғанын ашып айтуымыз керек. Сондықтан да, бүгінгі адам тәрбиесі аса ауыр біржақтылық сарынмен оның Т ә н і де және Ж а н ы да - өте күрделі көптеген ақауларға ұшырап отыр.
Адам тәрбиесінің алғашқы физиологиялық кезеңдерінің арқауы болып табылатын биологиялық заңдылықтарды, тіпті мойындамақ түгіл, ескерудің өзіне де тыйым салған уақыттар болды. Осының әсерінен адам тәрбиесінің ең алғашқы физиологиялық кезеңдері болып табылатын оның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тоғыз ай мерзімінің өздеріне тән қасиеттері ескерілмей, жасандылыққа ұшыраған бүгінгі ғылыми педагогиканың қаперіне ілінбей қалыс қалып келді. Міне, осының салдарынан адам тәрбиесінің методологиясында - оның бірінші сатысы, яғни биологиялық индивид кезеңі мүлдем ескерілмейді. Шын мәнінде бұл кезең адам тәрбиесінің ең негізгі де аса күрделі, тума қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Өйткені, адам тәрбиесінің дәл осы кезеңінің мәнін, яғни, биологиялық индивид сатысының сырын ұққанда ғана, халық педагогикасы мен психо-логиясының негіздерін және жүйелерін ғылыми тұрғыдан анықтауға болады. Сөйтіп, өз негізінде дамыған пәндер тәрізді (мысалы - физика, химия, биология т.б.), халық педагогикасы мен психологиясының негіздері мен жүйелері де, өздерінің ішкі мүмкіндіктерінен бастау алып қана қоймай, сонымен қоса адамның – жандүниесін қоректендіретін оның тән құрылысының– физиологиялық кезеңдерінің заңдылықтарына бағындырыла отырып жасалынады. Осыдан келіп халық педагогикасының біз ұсынып отырған методологиясында ­ Тән құрылысының физиологиялық жеті кезеңінен – Халық педагогикасы мен психологиясының жеті түрлі негіздері мен екі түрлі жүйелері қалыптасады. Адам тәрбиесінің екі жүйесі - жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі - бүгінде белгісіз болып отырған адамдағы көптеген күрделі құбылыстардың сырлары мен тылсым жұмбақтарын ашады.
Олай болса, күллі адамзат қауымына ортақ - адам тәрбиесінің методологиясы - екі кезеңнен тұратындығын ешуақытта да естен шығармаған жөн. Оның бірінші сатысы – биологиялық индивид ретінде қарастырылса, екіншісі - сананың арқасында қоғамдық тұлғаға жетілуі болып табылады. Міне, осы екі сатының немесе екі деңгейдің диалектикасынан - адам тәрбиесінің табиғи түрдегі ғылым методологиясы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет