Совет–Хан Єаббасов



бет198/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   294
АБАЙ.


Көрнекілік Балабақшалардың соңғы жылында, әсiресе жетіге
әдісі. шығар балаларға бiлiм беруде, көрнекi құралдардың
көмегi өте зор. Бала тәрбиесiн жүргiзуде көрнекi құралдарының көмегiмен, үйрету әдiсi де, ойланту әдiсi де, өзiнiң кереметтей әсерлерiмен балалардың ықыласын мейлiнше баурап алады. Мысалы, табиғи көрнекi құралдар: жауып тұрған жаңбыр мен қар, тұман мен қылау, жел мен құйын, найзағайдың жарқылы, аспандағы көшiп бара жатқан бұлттар, жұлдыздар мен Ай.
Жасанды көрнекiлiк құралдары: суреттер мен қуыршақтар, ойыншықтар мен тетiктер, машиналардың неше алуан түрлерi, түрлi-түстi диафильмдерде есеп жоқ. Ал, қазiргi заманымызға лайықты компьютерлiк ойындарды барынша кеңiнен пайдалану, жалпы компьютердiң барлық мүмкiншiлiктерiн жiтi өмiрге енгiзу ауадай қажет. Осы айтылғандармен қоса, тағы да бала тәрбиесiндегi көрнекiлiк құрал ретiнде, алуан түрлi кинофильмдердi, теледидар хабарларын, қуыршақ театр өнерiн де пайдаланудың жөнi бөлек.
Баланың кез-келген заттағы өзiне тән сипатын байқағыштығы
Бақылау немесе айналасында болып жатқан табиғаттағы
әдісі. құбылыстарды а ң ғ а р ғ ы ш т ы ғ ы бiрте-бірте қалыптасады. Қалайда ол өзi байқаған заттарды да, өзi аңғарған құбылыстарды да қайта-қайта көрiп, одан алған әсерлерiн ұзақ уақыт сезiнулерi керек. Сонда ғана оның санасында б а й қа у ә д i с i арқылы сiңген әсерi өмiр бойы өшпестей етiп iзiн қалдырады. Баланың б а й қа ғ ы ш т ы қ қабiлетiн жетiлдiру үшiн, жүргiзiлетiн тәрбие жоспарлы түрде лайықтап құрылған бағдарламамен мақсатты үйретудi талап етедi. Сонда ол, өзi танысқан заттар мен құбылыстарды ғана байқап қоймайды, сонымен қоса, сол жаңағы құбылыс пен заттардың өзi де, айналасындағы ортаның әсерiмен өзгерiске ұшырайтындығын жiтi аңғарады. Мұндағы ерекше ескеретiн қасиеттiң бiрi баланың байқа-ғыштық қабiлетi артқан сайын, оның с а л ы с т ы р м а л ы ойлау жүйесi де тез жетiле бередi. Мiне, осылайша б а й қа ғ ы ш т ы қ тәсiлдерiн терең меңгерген балалар, адамдар арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастарды, көшедегі қозғалыстардың сан алуан сипаттарын, тiптi табиғаттағы жануарлар әлемiндегi тәулiктiң әр мезгiлiне лайық өзгерiп тұратын мiнез-құлықтарына дейiн, дәл бағалай да сараптай алатын халге жетедi. Мұндай үрдiс жетiстiктердi, тек дұрыс тәрбие ғана бере алатыны түсiнiк-тi. Әрине, әр нәрсенiң өзiне лайықты сәттерi бар?! Сондықтан да, ү й р е т у мен ү й р е н у д i ң де оңтайлы уақыттары болады. Тәрбиешi адам мұндай субъективтiк әсердiң де болатындығын түсiнуi керек. Сонда ол байқатпақ болған заттары мен құбылыстарын, тәулiктiк ыңғайлы деген мерзiмдерiне сәйкес пайдаланатын болады. Мұндай ыңғайлы сәттерде, балалардың өздерi де ерекше аңғарғыш та алғыр келедi. Бiздер осы арада баланың б а й қа ғ ы ш т ы қ қабiлеттерi, оның жаратылысы мен тектiк сипаттарына да тығыз байланысты екенiн айтуымыз керек. Осы арада халқымыздың данышпан ақыны Абайға жүгiнудi жөн көрдiк. Жалпы ұрпақ тәрбиесiнде Абайбың педагогикалық еңбектерiн ерекше ұғынып та терең талдап пайдалануды, бағдарлы жүйеге енгiзiп талап ететiн мезгiл жеттi. Сондықтан да бiз халық педагогикасының әр негiзiнде Фараби мен Абай еңбектерiмен сабақтастыра берудi мақсат еттiк. Ендi, ұлы Абайдың “Жетiншi сөзiне” көңiл аударып көрелiк:
“…Жас бала да анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады: бiреуi – iшсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – т ә н н і ң құмары, бұлар болмаса, т ә н – ж а н ғ а қонақ бола алмайды, һәм өзi өспейдi, қуат таппайды. Ендi бiреуi – бiлсем екен демелiк. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмiн татып қарап, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай-керней болса дауысына ұмтылып, онан ержетiңкiрегенде ит үрсе де, мал шуласа да бiреу күлсе де, бiреу жыласа да, тұра жүгiрiп: “ол немене?”, “бұл не?” – деп, “ол неге үйтедi?”, “бұл неге бүйтедi?” деп көзi көрген, құлақ естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi – ж а н құмары, бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген…”1.
Мiнеки, бала тәрбиесiнiң қызықтығы да, қиындығы да осында жатса керек-тi. Бiздiң бұрынырақ “жүрек тәрбиесi” хақында айтылған пiкiрлерiмiз, тiкелей осы Абай тұжырымдарымен астасып жатыр. Тiптi, бұл адам тәрбиесiнiң кезең-кезеңдерден тұратындығын өте нәзiк түсiнiктермен, нақтылай талдап дәлелдей түседi. Бұдан түйерiмiз, ендi сол әр кезеңнiң өздерiне тән қиындықтарына төзе отырып, қалай болғанда да сол кезеңдердiң өздерiне тиiстi уақыт мерзiмдерiн өткiзiп алмауға күш салғанымыз жөн.
Баланың б а й қ а ғ ы ш т ы қ пен а ң ғ а р ғ ы ш т ы қ қа-сиеттерiнiң де, өз кезеңi мен арналған уақыт мерзiмi бар. Егер осы сәттi де өткiзiп алсаң, өз тiршiлiгiнде бала неден айырылғанын, қоғам неден ұтылғандығын ежiктеп айтып жатудың қажетi шамалы болар. Әрине, б а й қа ғ ы ш т ы қ қабiлеттiң баланың тәлiмiне көптеген нақтылы тәсiлдер арқылы сiңетiнi рас. Мәселен, әр түрлi заттарды – темiрден, немесе ағаштан, тiптi пластмассадан жасалынған ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды жеке-жеке көрсетiп үйрету арқылы к ө р н е к i л i к әдiсiмен көп нәрсенi байқатуға болады. Осы сияқты б е й н е л е у өнерiнiң жетiстiктерiн пайдалана отырып, баланың сұлулықты байқағыштығы мен талғамды танымдарын қалыптастыратыны анық. Тiптi, арнаулы өтетiн сабақтарды осының бәрiн бала өз қолымен жасауға да талпынады. Арнаулы мақсаттарға байланысты ән-күй тыңдау, сурет салу, қол еңбектерi мен зергерлiк бұйымдарды жасауға талпыну, сөз өнерi арқылы терме мен толғауға, тiптi жыраулық қасиеттерге де талпындыру артық емес. Балалардың тiлдерi шығып, сөздiк қорларын молайтумен қоса, оның жүйелi ойлау қабiлеттерiн де жетiлдiре беру бала тәрбиесiндегi ең үлкен жауапкершiлiк екенi белгiлi. Ендеше, ауызша сөйлесу әдiстерiне жататын – оқиғаны қызықты етiп айту, қиял-ғажайып ойлар жайында әңгiмелесу, түсiнбеген тұстарды кеңесе отырып шешу, кiтаптардың өзiн қалай пайдалануды үйретуге болады. Осылайша баланың байқағыштық қасиетiн жетiлдiретiн жолдардың бәрiн де еркiн қолдануымыз керек.
Бұл бала тәрбиесiндегi – ең негiзгi әдiстердiң бірі. Баланың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет