Совет–Хан Єаббасов



бет196/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294
I –ШІ ТОҚСАН


Алтыдан асып жетiге толмақ балалар, бұрынғы кездегiлерiнен әлдеқайда өзгерiп, тiршiлiктiң мың сан құбылыстарын тереңдей түсiнуге ұмтылатындығы белгiлi. Оған неғұрлым жұмбағы мол күрделi құбылыстарды ұсынсаң, солғұрлым оны терең толғаныстарға жетелейтiндiгiмiздi ұмытпаған жөн. Бiзге күнделiктi көмекке келетiн, мазмұны бай, мағынасы кең – Табиғат атты оқулық екенiн түсiнуiмiз керек. Оның құдiретi сол, соншама күрделi бола тұра, ұғынуға оңай, ойлану мен толғануға жетелей беретiн қарапайымдылығы дер едiк.
Жалпы табиғатты жанды және жансыз деп екiге бөлудiң өзi, тек салыстырмалы ғана ұғым екенiн ашық айтуымыз керек. Әйтпесе, табиғаттағы барлық заттар мен олардың негiздерiн құрайтын әлементтер, бiр-бiрлерiмен тiкелей байланысып та, тiптi алмасып та жататындықтары белгiлi. Осы көрiнiстiң әмбебап мысалы ретiнде, табиғаттағы азоттың (N) үздiксiз айналыстағы шеңберiн, көз алдымызға келтiрудiң өзi жетiп жатыр. Егер осы көрiнiстi тереңдей талдап түсiнсек, онда ө л i т а б и ғ а т пен т i р i т а б и ғ а т т ы ң бiрлiгiнен тұратын, тiршiлiктiң нағыз арқауын көруге болады. Ал, табиғаттағы осынау бiр ғажайып күрделi құбылыстың мәнiн түсiну үшiн, олардың шартты түрде даралай атап, тiрi және өлi табиғат деп талдау ыңғайлы да ұтымды.
Айналамыздағы тау мен тастар, қырат-белдер, өзен мен көлдер де өздерiнiң қойнауларындағы өсiмдiктер мен жануарлар әлемiн қоспағанда, салыстырмалы ұғыммен қарағанда оларды өлi табиғаттар қатарына жатқызамыз. Тiптi, аяғымыздың астында жатқан топырақтың алуан түрлерi ағып жатқан суды да, жансыз табиғаттың жарасымды бөлшектерi деп бiлемiз. Бiрақ, бұлар да уақыттың мезгiлдерiне қарай сан қилы құбылыстар мен өзгерiстерге ауысып отырады. Осы айтылған ойдың көзбен көрiп тұшынарлық мысалы ретiнде, жыл мезгiлдерiнiң ауысуына байланысты өзгеретiн судың әртүрлi қалыптарын айтсақ та жетiп жатыр.
Мәселен, қыста су – мұзға, жазда су – буға, керiсiнше мұздың да, будың да – суға айналатынын көзбен көруге болады. Мұны балалар, тiптi тәжiрибе ретiнде өздерi де жасауына және сырттай бақылауларына да мүмкiншiлiк мол. Жаздағы жаңбырдың жаууы, күздегi бұршақтың түсуi, қыстағы қардың жаууы, жазғытұрым қардың да, мұздың да ерiп, қайтадан суға айналуын жетi жасар балалар өте жақсы түсiнедi. Табиғаттың бұл тәрiздес құбылыстарын, олар өздерiнiң азғана ғұмырының iшiнде, бiрнеше қайталап көрiп те үлгiрдi. Осынау жыл мезгiлдерiнiң ауысуларына байланысты байқалатын, ауа райларының өзгерiстерi: боран мен үскiрiк жел соғуы, найзағай оты жарқылдап жайдың түсуi, жердiң бетiн тұман басып, өзендерде сеңнiң жүруi сияқты табиғат құбылыстарын бiр-бiрiмен байланыстыра түсiндiрудiң өзi, балаларға жан-жақты таным бередi. Олардың сырттан көрiп келген құбылыстарын iшке келген соң сабақта қайталау үшiн, көрнекi құралдар ретiнде: қысқа әңгiмелер, жыл мезгiлдерiн суреттейтiн лирикалық өлеңдер, түрлi түстi бояумен салынған көрiктi суреттердi де ұқыпты пайдаланып, жан-жақты талдай талқылаудың берерi көп-ақ.

* * *
0-шi сыныптарда жүргiзiлетiн сабақтардың түрлерiн барынша қызықты да, мазмұнды етiп өткiзуге тырысқан жөн. Ол үшiн ең әуелi баланың психикасындағы ‑ физиологиялық мөлшер ‑ дейтiн қасиеттердi түсiнудiң мәнi зор. Мәселен, осы жастағы баланың миындағы биоритмнiң мөлшерi 30–35 минуттан аспайтындығын ескерсек, онда жүргiзiлетiн сабақтардың уақыттары да мөлшермен 25 – 30 минуттан аспауы керек. Сабақтың бұл мөлшерден ұзақ болуы, тек балаға зиян келтiргеннен басқа берерi жоқ екен. Сондықтан, уақыт режимi қатты қадағалануға тиiс.Екiншi, сабақ үстiндегi тәртiп бiрден-ақ жолға қойылмай болмайды.Бiрақ, ол әмiршiлдiк тәсiлмен емес, керiсiнше iзеттiлiк пен имандылық тәлiмдерiне сүйенуi керек. Жалпы балабақшалардағы ең үлкен тобы үшiн жүргiзiлетiн сабақтардың жүйесi, мөлшермен төмендегiдей болады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет