Совет–Хан Єаббасов


). ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (1020-?)



бет46/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   294
11). ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (1020-?)

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн – Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері – жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Кұз орда» деп атаған.


Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қарахан мемелекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан, сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып. Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі – «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл – бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық моральдық-этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой-толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысы толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 ж.ж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Қоғамдық-әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық-этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» («Хұсайынның қасіреті») деген күй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағұнның аты-жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында, «Хас Хажыб» -- араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет