Айт намаздары
Айт – арабшадан тілімізге аударғанда, «мейрам»
Деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі
Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты,
Екіншісі – Құрбан айт. Мәдинадағы бір ансар-сахаба
Исламнан бұрын тойлайтын екі күннің болғаны туралы
Пайғамбарымызға
(с.а.у.) айтқанда, ол: «Аллаһ сол екі
Күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын
Берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт»,
– дейді. Аллаһ Елшісі екі айт намазын оқығаны жайлы
Хабар «тәуатүр» (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алғашқы оқыған айт намазы
– һижреттің екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Бұны ибн Аббас айтады: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбу
Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына
Қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын
Оқыды».
Басқа бір хабарда ибн Аббас: «Аллаһ Елшісі айт
Намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды», – деп риуаят еткен. Жұма намазы парыз болған жандарға осы екі
Айт намаздары да – уәжіп. Бірақ айт намаздарында хұтпа
Намаздардан кейін оқылады. Бұлай оқылуы – сүннет. Айт
Намаздарының алғашқы уақыты – күннің көкжиектен
Найза бойындай көтерілгендегі уақыт. Бұл шамамен күн
Шыққаннан кейін 50-55 минөттей өткеннен кейін баста-
Лып, бесін намазының кіруіне дейін жалғасады.
Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде
Достарыңызбен бөлісу: |