121
32. Велосипедші 21 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат, яғни барлық
маршруттың төртінші бөлігін жүрді. Велосипедші маршрутының ұзындығы
қандай? (525,252,225,552 км)
33.! Санның үшінші бөлігінің жартысы 5-ке тең. Бұл қандай сан?
34. Ағайынды Батыр, Төле және Медетте үш түрлі тоқаш бар: күріш,
қырыққабат және алма қосылған. Медет алма қосылған тоқашты ұнатпайды
және қырыққабатты жемейді. Батыр қырыққабат қосылған тоқапшты
ұнатпайды. Олар қандай тоқаштарды таңдайды?
35. !© Маймыл Мака бананнан ботқа пісіріп, аңдарға тарата бастады:
мартышкаларға бестен бірін, бұл 10 қасық болды; жолбарыстың балала-
рына - бестен екісін, бұл 20 қасықты құрады; пілдің балаларына -
қалғанынан оннан тоғызын. Маймыл Макаға қанша қасық ботқа тиді?
36. © Тұмар қыздарға арналған қыстырғыштар, топтамасын жинады. Қызыл
қыстырғыштар 423 дана болды, бұл оның топтамасындағы барлық
қыстырғыштардың төрттен үшін құрады. Егер Тұмар қыстырғыштардың
жартысын өзіне ұнап қалған қызға берсе, өзінде қанша қыстырғыш қалады?
37. Жезқазған тұрғындарының саны -110 мың адам, бұл Астана қаласы
тұрғындарының 1/6 бөлігі. Астана қаласы тұрғындарының саны қандай?
Достарыңызбен бөлісу: