118
45. © Әнуар балық аулауға барып, үлкен шортан балық ұстап алды! Оның
салмагы Әнуардың жиырмадан бір бөлігін құрады. Егер Әнуардың салмағы
40 кг-га тең болса, шортанның салмағы қандай болды?
46. Әлемде акуланың 250-ге дейін түрі белгілі. 1/5 бөлігі адам үшін қауіпті,
ал 1/25 бөлігі - айбарлы тірі жан өлтірушілер. Акулалардың неше түрі адам
үшін қауіпсіз болып табылады?
47. Әлемдегі ең ірі қосжақгаулы ұлу - тридакна салмағы 240 кг-ға жуық.
Денесінің салмагы жалпы салмағының 1/8
бөлігін құрайды, ал қалғаны -
бақалшақ жақтауларының салмағы. Сонда бақалшақ жақтауларының
салмағы қандай?
48. Қазақстанда 835 омыртқалылар түрі мекендейді. Олардың 1/17 бөлігі -
бауырымен жорғалаушылар. Бауырымен жорғалаушылардың неше түрі
бар?
Санды бөлшек бойынша табу есептері
Жай есептер
1. Шелекте 7 литр сүт, яғни барлық сауылғанының сегізден бірін құрайды.
Барлығы қанша литр сүт сауып алды?
2. Қыз дәптердің 2 бетін жазып тастады, яғни бұл барлық дәптердің алтыдан
бірін құрайды. Дәптерде қанша бет болды?
3. Қарындаш 10 теңге тұрады, яғни бұл Айдостың әмиянындағы ақшаның
бестен бір бөлігін құрайды. Айдоста қанша ақша бар?
4. Шахматшылар үйірмесінде 12 қыз бар, яғни бұл үйірменің
барлық
мүшелерінің үштен бірін кұрайды. Үйірмеге барлығы қанша бала
қатысады?
5. Жарты асқабақтың салмағы 2 кг-ға тең.
Тұтас асқабақтың салмағы
қанша?
6. Кітаптың үшінші бөлігі 25 бетке тең. Кітапта барлығы қанша бет бар?
7. Ағаштан жиналған алма өнімінің үштен бірін 31 кг құрады. Ағаштан
қанша килограмм алма теріп алынды?
119
8. Арқанның үзындығы
неге тең болады, егер оның алтыдан бір бөлігі 4
метрді құраса?
9. Оқушы кітаптың сегізден бірін оқыды, яғни бұл 50 бетті қүрайды. Кітапта
қанша бет бар?
10. Қызыл жиектеменің ұзндығы көктің үштен бірін құрайды, Егер қызыл
жиектеменің үзындығы 50 см құраса, көк жиектеменің ұзындығын тап.
11. Велосипедші 250 метр жүріп өтті, яғни маршруттың төрттен бірін
құрайды. Велосипедші қанша метр жүріп өтуі керек?
12. Айсбергтің су үстіндегі бөлігінің биіктігі 30 метр,
бұл - барлық
айсбергтің бестен бір бөлігі. Оның бар ұзындығы неге тең? (6, 24, 180, 150
метр)
13. Ергежейлі мангусттың денесі 29 см, бүл ең ірі ақ құйрықты мангуст
денесі ұзындығының (құйрықсыз) 1/2-ін құрайды. Ақ құйрықты ірі мангуст
денесінің ұзындығы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: