Геометриялық фигуралардың қабырғалары мен периметрін табу
1. Қабырғасы 4 см, 5 см, 6 см, 12 см, І4 см шаршының периметрін тап.
2. Қабырғалары 5 см және 3 см, 12 см және б см, 24 см және 10 см және 13
см, 19 см және 9 см, 32 см жэне 15 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін
тап.
3. Қабырғалары 5 см 2 мм және 2. ем 6 мм болатын тіктөртбұрыш сызып,
оның периметрін тап.
4. Периметрі 16 см, ал бір қабырғасы 2 см тең тіктөртбұрыштың екінші
қабырғасы неге тең?
5. Егер периметрі 36 см, ал бір қабырғасы 12 см тең болса, тіктөртбұрыштың
екінші қабырғасы неге тең?
132
6. Егер периметрі 56 см, ал бір қабырғасы 8 см тең болса, тіктөртбұрыштың
екінші қабырғасы неге тең?
7. Периметрі 28 см тең, ал бір қабыргасы 3 см тең тіктөртбұрыштың екінші
қабырғасы неге тең?
8. Периметрі 16 см 8 мм, ал бір қабырғасы 2 см 2 мм ,тең тіктөртбұрышгың
екінші қабырғасы неге тең?
9. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 36 см 4 мм, ал бір қабырғасы 15 см 1
мм тең болса, оның екінші қабырғасы неге тең?
10. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 57 см 2 мм, ал бір қабырғасы 22 см
тең болса, оның екінші қабырғасы неге тең?
11. Пішіні тіктөртбұрышты мектеп ауласының ұзындығы 40 метр, ені 30
метр. Мектеп ауласының периметрін тап.
12. Қабырғасы 3 см 4 мм (5 см 2 мм, 6 см 1 мм) болатын шаршының
периметрін тап.
13. Ауданы 21 ш.см, ал қабыргаларыньің біреуі 7 см тең болатын
тіктөртбұрыштың периметгрін тап.
14. Ұзындығы 9 м, ал ауданы 72 ш. м тең бақшаны қоршау үшін жұмыскерге
қанша метр шарбақ қажет болады?
15. Ауданы 28 ш. см тең, ал қабырғаларының бірі 4 см тең тіктөртбұрыштың
периметріи тап.
16. Тіктөртбұрыштың ауданы 36 ш. см тең, ал қабырғапарының бірі 4 см-ге
тең. Периметрін тап.
17. Қабырғаларының бірі 7 см-ге тең, ал ауданы 14 ш. см тең
тіктөртбұрыштың периметрін тап.
18. Тіктөртбұрыштың периметрін тап, егер оның ауданы 40 ш. см тең, ал
қабырғаларының бірі 8 см-ге тең екені белгілі болса.
19. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 50 ш. см, ал қабырғаларының бірі 5 см-
ге тең болса, оның периметрі қанша?
133
20. Тіктөртбұрыштың ұзындығын тап, егер оның периметрі 20 см-ге тең, ал
ені 4 см; 10 см және 2 см; 14 м және 3 м; 64 м және 15 м-ге тең болса.
21. Тіктөртбұрыш пішіндес аумақтың ауданы 72 ш. м тең. Бір
қабырғасының ұзындығы - 9 м. Осы аумақтың периметрін тап.
22.
Қабырғасы 6 см шаршының периметрі қабырғасы 4 см
тіктөртбұрыштың периметріндей. Тіктөртбұрыштың екінші қабырғасын
тап.
23. Ауданы 72 ш.см, ал ұзындығы 12 см тең болатын тіктөртбұрыш
қабырғасы мен периметрін тап.
24. Ұшбұрыштың периметрі 124 см-ге тең. Бірінші қабырғасының
ұзындығы 46 см, екінші қабырғасы одан 17 см қысқа. Үшінші
қабырғасының ұзындығы қандай?
25. * Ұзындығы 48 см, ені ұзындығының алтыдан бес бөлігін құрайтын
тіктөртбұрыш жақтау жасауға ұзындығы қандай сым қажет?
26. *Бөлменің ұзындығы 8 м, ал ені ұзындығының төрттен үшін құрайды.
Бұл бөлмені жөндеу кезінде қандай үзындықтағы жиек қажет болады?
27. Тіктөртбұрыш пішіндес бақшаны дуалмен қоршау қажет. Бақшанын
ұзындығы 800 м, ал ені ұзындығының сегізден бесін құрайды. Дуалдың
ұзындығы қандай болу керек?
28. Тіктөртбұрыш кілемнің ұзындығы 6 м, ал ені ұзындығының үштен екісін
кұрайды. Кілемнің жиектерін көмкеру үшін ұзындығы қандай жиектеме алу
керек?
29. Теңқабырғалы үшбұрыштың (үш қабырғасы бірдей) қабырғасы 4 см-ге
тең. Периметрі үшбұрыш периметріне тең тіктөртбұрыш қабырғаларының
ұзындығын тап.
30. Тіктөртбұрыштың ауданы 96 см
2
, оның бір қабырғасы 12 см. Оның
периметрі неге тең? (96 см, 20 см, 40 см, 36 см)
31. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені бірге 20 см құрайды. Оның ені мен
ұзындығы қанша, егер ұзындығы енінен 6 см ұзын екені белгілі болса? (15
және 9 см, 10 және 4 см, 14 және 6 см, 13 және 7 см)
134
32. Шаршы пішінді бөлме еденінің периметрі 24 метрге тең. Бұл бөлме
қабырғасыныц ұзындығы неге тең? (5,3,12, 5, 6 метрге)
33. ©Қабырғасы 6
Достарыңызбен бөлісу: |