Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!


дейін. Ол 3 сағат қозғалса, неше  километр өтеді?



Pdf көрінісі
бет54/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
 
дейін. Ол 3 сағат қозғалса, неше 
километр өтеді? 
 
45.
 
Ұлу 50 см/сағ жылдамдықпен 1 км өтті. Ол үшін қандай уақытгы 
жұмсады?
 
46. Семсербалық 120
 
км/сағ жылдамдықпен қозғала алады, ал дельфиннің 
жылдамдығы 2 есе кем. 600
 
км арақашықтықты жеке-жеке өту
 
үшін 
семсербалык пен дельфинге канша уакыт қажет? 
Қарсы қозғалысқа арналған есептер
1. Екі шаңғышы бір уақытта бір-біріне қарама- қарсы екі ауылдан шығып, 2 
сағаттан кейін кездесті. Бірінші шаңғышының жылдамдығы 11 км/сағ 
болды, ал екіншінікі - 12 км/сағ. Ауылдар қандай қашықтықта орналасқан? 
 
 
2. 
1-кері есеп.
Екі шаңғышы бір уақытта бір- біріне қарама-қарсы екі 
ауылдан щығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Бірінші шаңғышының 
жылдамдығы 11 км/сағ болды, ал екіншінікі - 1 км/сағ артық. Ауылдар 
қандай қашықтықта орналасқан?
 
 
3.
2-кері есеп.
Екі шаңғышы бір уақытта бір- біріне қарама-қарсы 
арақашықтығы 46 км екі ауылдан жүріп келе жатып, 2 сағаттан кейін 
кездесті. Егер екіншісінің жылдамдығы 12 км/сағ тең болса, бірінші 
шаңғышының жылдамдығын тап.
 
4. Екі кемежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі кішкене кеме 
шықты, олар 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншінің жылдамдығы - 15 км/сағ, 
екіншінің жылдамдығы - 18 км/сағ. Кемежайлардың арақашықтығын тап. 
5. Екі туристік базадан бір-біріне қарама-қарсы екі адам шықты. Біреуі - 5 
км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олар 
шыққаннан кейін 5 сағаттан соң кездесті. Турисгік базалардың 
арақашықгығы қандай? 
6. Екі аэродромнан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі ұшақ ұшып 
шығып, 3 сағаттан соң кездесті. Бірінші ұшақтың жылдамдығы - 600 км/сағ, 
ал екіншінікі - 900 км/сағ. Қалалардың арақашықтығын тап. 


147 
7. Аралары 90 км екі жағажайдан, бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі 
қайық шықты. Бірінші қайық 8 км/сағ жылдамдықпен келе жатты, ал 
екіншісі - 10 км/сағ. Қанша сағаттан кейін бұл қайықтар кездесті? 
8. Аралары 36 км екі туристік базадан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы 
екі топ саяхатшылар шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Бірінші топ 4 км/сағ 
жылдамдықпен жүрді. Екінші топтың жылдамдығын тап. 
9. Аралары 90 км екі кемежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі 
теплоход шықты. Бірінші теплоход 20 км/сағ жылдамдықпен жүрді, 
екіншісі - 25 км/сағ жылдамдықпен. Қанша сағаттан кейін олар кездеседі? 
10. Екі салт атты бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы, аралары 100 км-ге 
тең, екі мекеннен шықты. Салт аттылар 4 сағаттан қейін кездесті. Біреуінің 
жылдамдығы 13 км/сағ тең болса, екінші салт атгының жылдамдығын тап. 
11. Аралары 1400 км болатын қалалардан екі автокөлік бір уақытга бір-
біріне қарама-қарсы шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 80 км/сағ, 
екінші көліктің жылдамдығы 60 км/сағ. Кездескенге дейін әрбір көлік 
қанша қашықтық жүреді? 
12. Екі пойыз екі қаладан бір уақытта бір- біріне қарама-қарсы шығып, 3 
сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы - 50 км/сағ, 
екіншісінікі - 80 км/сағ. Қалалардың арасы неге тең? 
13. Пойыз және автобус бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі қаладан 
шықты. Пойыздың жылдамдығы - 60 км/сағ, автобустікі - 80 км/сағ. Егер 
қалалардың арасы 1 400 км болса, олар қанша сағаттан соң кездеседі? 
14. Аралары 700 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы 2 автокөлік шығып, 
7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші автокөліктің жылдамдығы 60 км/сағ 
болды. Екінші автокөліктің жылдамдығын тап. . 
15. Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шықты. Бірінші 
пойыздың жылдамдығы 70 км/сағ болды, ол кездесуге дейін 210 км жүрді. 
Екінші пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші пойыз кездесуге дейін 
қанша жол жүрді? 
16. Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шықты. Бірінші пойыз 90 
км/сағ жылдамдықпен жүріп, кездескенге дейін 360 км өтті. Екінші пойыз 
кездескенге дейін 280 км жүрді. Екінші пойыздың жылдамдығы қандай? 


148 
17. Екі автокөлік бір-біріне қарама-қарсы екі қаладан шықты. Біріншісі 
кездескенге дейін 60 км/саг жылдамдықпен 540 км жүрді. Екінші автокөлік 
80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Қалалардың арақашықтығы неге тең? 
18. Аралары 2 400 м екі ауылдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы, 3 м/с 
және 5 м/с жылдамдықпен екі велосипедші шықты. Әрбір велосипедші 
кездескенге дейін қандай жол жүрді? 
19. Екі автокөлік бір-біріне қарама-қарсы екі қаладан шығып, 4 сағаттан 
кейін кездесті. Бірінші автокөліктің жылдамдығы 60- км/еағ тең, екіншінікі 
-70 км/сағ. Екі қаланың арақашықтығы неге тең? 
20. Арақашықтығы 640 км тең екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-
қарсы екі прйыз шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың 
жылдамдығы 75 км/сағ тең. Екінші пойыздың жылдамдығын тап. 
21. Еқі ауылдан бір уақытга бір-біріне қарама- қарсы жаяу жүргінші мен 
велосипедші шықты. Жаяу жүргіншінің жылдамдығы 6 км/сағ, 
велосипедшінің жылдамдығы - 14 км/сағ. Егер ауылдардың аралары 40 км 
тең болса, олар неше сағаттан соң кездеседі? 
22. Екі кемежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы 2 моторлы қайық 
шықты. Біріншісінің жылдамдығы 30 км/сағ, ол кездескенге дейін 90 км 
жүрді. Екішпі қайық кездескенге дейін 150 км жүрді. Оның жылдамдығы 
кандай? 
23. Арақашықтығы 63 км тең екі ауылдан бір уақытта бір-біріне қарсы екі 
жаяу жүргінші жүрді. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, 
екіншінің жылдамдығы 4 км/сағ. Әрбір жаяу жүргінші кездескенге дейін 
қанша жол жүрді? 
24. Екі спортшы бір уақытта бір-біріне қарама- қарсы жүгіріп шықты. 
Біріншінің жылдамдығы- 200 м/мин болды, екіншінің жылдамдығы - 150 
м/мин. Егер ауылдардың арасы 1400 м болса, олар неше минуттан кейін 
кездеседі? 
25. Арақашықтығы 90 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі 
велосипедші шықты, олар 3 сағатган кейін кездесті. Бірінші велосипедшінің 
жылдамдығы 13 км/сағ. Екінші велосипедшінін жылдамдығын тап. 
26. Екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама- қарсы 2 велосипедші шықты. 
Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 15 км/сағ, ол кездесуге дейін 60 км 


149 
жүрді. Екінші велосипедшінін жылдамдығы 20 км/сағ. Екінші велосипедші 
кездескенге дейін қанша жол жүрді? 
27. Екі каладан бір уақытта бір-біріне карама- қарсы екі автокөлік шықты. 
Біріншінін жылдамдығы 70 км/сағ болды, ол кездескенге дейін 350 км жүріп 
өтті. Екінші автокелік 300 км жүрді. Онын жылдамдығы кандай? 
28. Велосипедшілер бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі қаладан 
шықты. Біріншісі кездескенге дейін 12 км/сағ жылдамдықпен 48 км жүрді. 
Екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Қалалардың арасы неге тең? 
29. Арақашықгықтары 840 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-
қарсы 90 км/сағ және 50 км/сағ жылдамдықпен 2 автокөлік шықты. Әрбір 
автокөлік кездескенге дейін қанша жол жүрді? 
30. Екі велосипедші бір уақытта бір-біріне қарсы екі ауылдан шығып, 2 
минуттан кейін кездесті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 250 м/мин, 
ал екіншісінікі - 300 м/мин. Ауылдардың аралары неге тең? 
31. Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі автобус шықты. Біріншісі 70 
км/сағ жылдамдықпен жүрді, екіншісі - 60 км/сағ. 3 сағаттан кейін олар 
кездесті. Қалалардың арақашықтығы қандай? (30,270,250 және 390 км) , 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет