Металлопротеидтер – күрделі белоктар,құрамына жай белок және металл кіреді.Бұл жерде металдар простетикалық топтың ролін атқарады.Тыныс алу белоктарын және тыныс алу ферменттерін бұл топқа жатқыза алмаймыз,себебі оларда металл белокпен тікелей байланыспайды,тек простетикалық топтың құрамында болады. Металлопротеидтердің өкілдері:
1.Ферритиндер – молекулалық массасы 400 000Д,құрамындағы темірдің мөлшері 28% дейін жетеді.Темір пептидтік тптағы азотпен мықты байланысқан.Ол организмде темір қорын түзеді,бауырда және көкбауырда жинақталады.
2.Трансферрин – молекулалық массасы 90 000 Д,құрамында темірдің мөлшері 0,139 %.Темір белок молекуласындағы тирозин аминқышқылының гидроксил тобымен әлсіз байланысқан.Ол темір тасымалдаушылық қызмет атқарады.
3.Гемосидерин – құрамында темірден басқа нуклеотидтер және көмірсулар кездеседі.Бұл белок бауыр және көкбауырдың ретикулоэндотелиал клеткаларында жинақталады.Гемосидерин активті метобалитикалық белок,алайда атқаратын қзметі толық анықталмаған.
4.Церулоплазмин – бауырда түзіледі,мысты тасымалдайды,оның қоры ретінде қызмет атқарады. Церулоплазминнің ферменттік қызметі де бар.
3)Осы микроэлементтің энергия алмасуындағы және антиоксидантты қорғаудағы рөлін атаңыз. Энергия алмасу процесі 4 сатыдан тұрады,оның үшінші сатысы биологиялық тотығуда 2,6,9 және 10-реакцияларында АТФ түзіледі,ал қалған реакцияларында түзілген энергия АТФ синтезіне жетпегендіктен,жылу ретінде қорға жиналып дененің қалыпты температурасын сақтап тұрады.Бұл жердегі темірдің қатысына келсек,биологиялық тотығу процесінің негізгі реакцияларын цитохром жүйесінің ферменттері іске асырады,ал цитохром ферменттеріне темір ионы кіреді.Сонымен қатар темір тыныс алу комплексінің құрамына кіреді,тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады.Темір қанжасам жүйесінің регуляциясына қатысқандықтан антиоксиданттық жүйеде алатын орны ерекше.Себебі ол макрофагтардың,лимфоциттердің дамуына да ықпал етеді.Жасшадағы зат алмасу процестеріне қатысады, қанайналым жүйесін жақсартады.Егер темір тапшылығы байқалса анемия дамиды.Анемия кезінде адамда иммундық тапшылықіәлсіздік,ұйқышылдық орын алады,бұл кезде ағда инфекцияларды оңай қабылдайды. Темір холестерин алмасуына қатысады,сонымен қатар организмдегі метаболикалық функцияларды жүзеге асыратын қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады.Темір жүйке жүйесінің жұмысына, сондай-ақ терінің күйіне әсер етеді. Оның әсерінен В дәрумендерінің сіңуі белсендіріледі.Темір жасуша метаболизмін реттейді, ағзаның иммундық жүйесін қолдайды. Минерал пероксидті тотығу өнімдерін белсенді түрде бұзады, каталаза ферментінің көмегімен сутегі асқын тотығын бейтараптандыруға көмектеседі.Темір фагоцитоз процесін белсендіреді, осылайша денені қоздырғыштардан қорғайды. Элемент токсиндерді кетіреді, оның көмегімен бауырдағы зиянды заттар сүзіледі.Темір сонымен қатар вирустармен белсенді күресетін интерферон ақуызын белсендіреді.
40-сұрақ
Мыс микроэлементтері ақуыздардың (металлопротеиндердің) ажырамас бөлігі болып табылады. Мыс алмасуының бұзылуымен Вильсон ауруы (гепатоцеребральды дистрофия) пайда болады. Бауырда мысты металлопротеиннен шығаруға және осы микроэлементті өтпен шығаруға жауапты лизосомалық ферменттің ақауы бар.