3)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Осы витаминге байланысты реакцияларды схемалық түрде жазыңыз. В6 витамині ферменттердің 2 түрлі класының құрамына кіреді.
1.Лиазалар класы,декарбоксилазалар тобы,амин қышқылдарының декарбоксилазалары топшасына кіреді.Амин қышқылдарының деакрбоксилазалары екі компоненттен тұрады,коферменті пиридоксальфосфат.Кофермент құрамына В6 витамині мен Н3РО4 кіреді.
2.Трансферазалар класы,аминотрансферазалар тобының құрамына кіреді.Аминотрансферазалардың коферменті де пиридоксальфосфат,оның құрамына В6 витамині мен Н3РО4 кіреді.
Биологиялық рөлі: 1.Аминотрасферазалардың өкілдері АЛТ пен АСТ құрамында олар трансаминденіп, алмастырылмайтын аминқышқылдарын түзуге қатысады.Қайта аминдену реакцияларын катализд.
2.АҚ деакрбоксилазалардың құрамында аминқышқылдарының декарбоксилдену реакцияларын катализдеп,биогенді аминдер түзілуіне қатысады.Биогенді аминдер - серотонин, гистамин, гамма-аминомай қышқылы.
3.ГАМҚ ОЖЖ-де медиатор тежеуші қызметін атқарады.
Реакциялары:
1)Триптофан = 5-гидрокситриптофан = серотонин + СО2 Триптофанның декарбоксилденуі
2)Гистидин = гистамин + СО2 гистидиннің декарбоксильденуі
3)Глутамин қышқылы = ГАМҚ + СО2
4)Аспарагин қышқылы = бетта-аланин + СО2
5)АЛТ қатысуымен : аланин + альфа-КГ = глутамин қышқылы + ПЖҚ
6)АСТ қатысуымен: аспарагин қышқылы + альфа-КГ = глутамин қышқылы + ҚСҚ
Авитаминозы:
Дерматит тері қабынуы, қызыл иек қабынуы стоматит,тілдің қабынуы глоссит
ОЖЖ зақымдануы,шеткі жүйкенің тырысып қалуы
Дененің ассиметриялы учаскелерінің зақымдануы
Жануар терісі түседі
Қан құрамындағы эритроциттер азаяды
ОЖЖ қозуы артады
37-сұрақ Туберкулез ауруы изониазидті алады. Біраз уақыттан кейін пациент бұлшықет әлсіздігіне, терінің сезімталдығының төмендеуіне, көру қабілетінің бұзылуына және қозғалыстардың үйлестірілуіне шағымдана бастады.