Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?



бет13/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
ТЕМІР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Адам организмінде 3—5 г темір болады, оның 50%-ы гемоглобиннің гемінде орналасқан. Темір сонымен қатар еттерде яғни миоглобинде де болады және тотығу-тотықсыздандыру үрдісіне ңатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Ер адамдарға күніне 0,6 мг темір қажет, ал әйелдердің мұқтаждығы бұдан 30—60 пайыз көп, өйткені оларда темірдің физилогиялық шығыны жоғары. Жүкті әйелдерде темірге мұқтаждық физиологиялық жағдайдан 5— 10 есе жоғары болады және жүктіліктің соңғы үш айында темірге мұқтаждық ерекше көтеріледі. Темір организмде керегінен артық жиналмайтындықтан оның тағаммен жеткіліксіз түсуі (темір негізінде етте болады) гипохромдық микроциттік анемияға өкеледі.
Темірдің ішекте сіңірілуі тұтас организмнің мұқтаждығына байланысты болады. Сол себептен анемиясы бар науқастарда, сау адамдарға қарағанда темірдің сіңірілуі нәтижелі болады. Емшектегі балаларды қолдан қоректендіргенде немесе қосымша қоректендіру кездерінде емшек сүтімен темір түспейтін болғандықтан, оньң жеткіліксіздігінен дамуы мүмкін. Егер үш валентті темір организмге артық түсетін болса, онда қан плазмасы және
тіндерде темір қорға жиналады, яғни гемосидероз пайда болады. Бұл ішкі ағзалардың (бауырдың ж. б.) қьізметтерінің бұзылыстарына әкеледі.


ЙОД АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Йод қалқанша бездің гормондары — тироксин және трийодтирониннің құрамына кіреді.
Организмде йод жеткіліксіздігі кезінде:
-гипотиреоз,
-эндемиялық зоб пайда болуы мүмкін.
Йод жетіспеушілігі эндемиялық сипатқа жиі ие болады, яғни йод ауыз суында және топырақта аз болады.


29. Минералды алмасу бұзылыстарының жас ерекшеліктері қандай?
Жауап:


30. Минералды алмасу бұзылыстарының алдын алу мен түзетуінің ұстанымдары қандай?
Жауап:


31. Патологиялық физиология пәні және мақсаттары; басқа да медициналық ғылымдарының арасындағы орны.
Жауап: Патофизиология (грек тілінен pathos - ауру, дерт, кесел, бейнет және logos -ілім, ұғым) - аурулардың пайда болуы, дамуы және салдарының неғұрлым ортақ заңдылықтарын зерттейтін, негізгі біріктірілген фундаменталды (іргелі) медициналық биологиялық ғылым. Патофизиологияны ауру адамның немесе өмірлік қызметі туралы немесе ауру организмнің физиологиясы мен биохимиясы туралы ғылым деп те атайды. Бұл өзін толығымен ақтайды, себебі патофизиологияның зерттейтін негізгі пәні мыналар:
1) аурудың негізінде жататын функционалдық және биохимиялық бұзылулардың себептері мен механизмдері;
2) ауру кезінде бұзылған функциялардың бейімделу және қалпына келу механизмдері (сауығу механизмдері).
Патофизиология медицинаның теориялық іргетасы бола отырып, базистік теориялық пәндерді -- (биология, биохимия, биофизика, физиология, генетика және т.б.) клиникалық бейіндегі пәндермен байланыстырады. Патофизиология морфологиялық пәндермен (анатомия, гистология, патанатомия, патоморфология) тығыз байланысты, өйткені құрылымның бұзылуынсыз функциялардың бұзылуы болуы мүмкін емес және «тіпті болар-болмас функционалдық өзгерістер сәйкес молекулярлық және ультракұрылымдық
деңгейде тиісті құрылымдық өзгерістерде көрініс таппай пайда бола алмайды және жоғалып кете алмайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет