Станциялық бекет ойын


Сұрақ 1Қазақстанда ең алғашқы ашылған мұнайдың кен орынын ата.(1911ж Доссор)



бет6/8
Дата01.02.2023
өлшемі23,8 Kb.
#64272
1   2   3   4   5   6   7   8
Сұрақ
1Қазақстанда ең алғашқы ашылған мұнайдың кен орынын ата.(1911ж Доссор)
2.Қарағанды көмір кен орнынан көмірдің неше түрі алынады?(3 түрі қара, қоңыр, кокс көмірі)
3.1г уран қанша жылда пайда болады? (73 млн жылда)
V. «Металдар патшалығы» бекеті
Металды адам баласы 5000 жыл бұрын өндіре бастаған. Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде электрондар саны аз, атом радиусы үлкен, сондықтан сыртқы деңгейдегі электрондар ядроға нашар тартылады да бейметалдармен салыстырғанда валенттік электрондарын жеңіл беріп, оң зарядты иондар түзеді.
Металдық жылтырының болуы. Электр тогын және жылуды жақсы өткізеді. Созылғыш, тапталғыш. Қатты күйде кездеседі.Сұйығы сынап.Тығыздығы, балқу температурасы әртүрлі
Металл атомдарының тотығу дәрежелері әрқашан он болады, металдар – тотықсыздандырғыштар. Металдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзбейді. Период бойынша солдан оңға қарай атом радиустары кішірейетіндіктен және электрон саны артатындықтан металдық қасиет кемиді. Ал топтар бойынша жоғарыдан төмен қарай металдық қасиет артады, себебі атом радиустары үлкейеді.
Металдардың кристалдық торларының түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналансқан. Оларды бос электрондар байланыстарн болады. Бос электрондар металдық кристалдық тордың ішінде еркін қозғалып жүретіндіктен, металдар ток пен жылуды жақсы өткізеді. Отанымызда металл өндіру жыл сайын өсуде. Металл қоры жөнінен Қазақстан хром мен ванадий қорынан дүние жүзінде1- орын алады. Металл өндіруде біздің еліміздің қосар үлесі мол.
Сұрақтар
1. Қышқылдармен реакцияға түспейтін металдар?
2. Металдардың жылу өткізгіштігі неге байланысты?
3.Табиғатта бос күйінде кездесетін металдар?
VІ. «Ғажайып ғаламшарлар» бекеті
Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Күнге ең жақын ғаламшар-Меркурий күнге жақын, атмосфера сирек болғандықтан температураның тәуліктік күрт өзгеруі орын алады. Мысалы, күндіз температура +3000С-қа дейін жетсе, ал түнде шамамен -2000С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Меркурий аспаны қап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.
Шолпан көлемі мен массасы жағынан Жерге жұық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдарды өзіне ерекше назар аударуға мәжбүр етті. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жататындықтан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде.
Жер-Күннен қашықтығы бойынша үшінші ғаламшар. Жер бір тәулік ішінде өз өсін бір рет айналады, ал бір жылда Күнді толық бір айналып шығады. Жер азоттан және оттектен тұратын атмосферамен қоршалған. Жердің табиғи серігі бар, ол-Ай. Ай әзірге адам аяғы басқан жалғыз Аспан денесі.
Марс-Күннен қашықтығы бойынша төртінші ғаламшар. Жерден ол қызғылт түсті шырақ ретінде көрінеді. Марстың екі табиғи серігі бар: Фобос және Деймос. Оның бетіне ғарыш стансылары бірнеше рет жайлап қонған болатын. Марс бетінің орташа жылдық температурасы -700С-қа жуық.
Юпитер-ең алып ғаламшар, оның массасы Жердің массасынан 318есе үлкен. Көптеген серіктері бар. Ио, Еуропа, Ганимед және Каллисто деп аталатын ең үлкен төрт серігінің өлшемдері Айдың өлшемдерімен шамалас. Басқаларының өлшемдері 10-нан 280 км-ге дейін және пішіндері дұрыс болып келеді.
Сатурн-үлкен сақинасы бар ғаламшар. Басқа алып ғаламшарға қарағанда Юпитерге ұқсайды. Оның массасы Жерден 95 есе, ал радиусы 9,5 есе үлкен. Сатурнның көптеген серіктері бар екендігі анықталған. Ең үлкен серігі-Титан. Ғаламшарды қоршап тұрған сақиналар, негізінен, мұз кесектерінен, тау жыныстары түйіршіктері мен шаң-тозаңдықтардан тұрады.
Уран мен Нептун-өздерінің физикалық қасиеттері бойынша егіз ғаламшарлар. Уранның көрінерлік беттік қабатының температурасы-1500С, ал Нептундікі -1700С. Бұл екі ғаламшардың да сақиналары бар, бірақ Сатурндікі сияқты жарық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет