Станциялық бекет ойын


Сұрақтар: 1.Д.И.Менделеев атымен аталатын химиялық элемент. (№101 Менделеевий-1955жылы американ ғалымдары ашып Менделеевтің құрметіне атаған)



бет3/8
Дата01.02.2023
өлшемі23,8 Kb.
#64272
1   2   3   4   5   6   7   8
Сұрақтар:
1.Д.И.Менделеев атымен аталатын химиялық элемент. (№101 Менделеевий-1955жылы американ ғалымдары ашып Менделеевтің құрметіне атаған)
2.Д.И.Менделеев жоғары білімді қандай оқу орнынан алды, ол оқу орнын қай жылы бітірді.(Петербургтегі бас педагогикалық институт, оны 1855 жылы бітірді)
3.Д.И.Менделеев периодтық заңды қай жылы ашты. (1869 жылы, толық тұжырымдамасын 1871жылы жариялады)
ІІ . «Өсімдіктер әлемі» бекеті
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған.
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.
Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
ІІІ. «Жануарлар әлемі» бекеті
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым.. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю,қасқыр,түлкі,қоян,кірпі,үйректер,тырна, қаз,аққу,бүркіт,улы сұр жылан,бақа, алабұға,шортан және т.б. кездеседі.Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет