Байланысты: «Стандарттау, метрология ж не сертификаттау»
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Кәсіпорынды жалпы басқару шегінде сапа менджментінің жүйесіне қойылатын талаптар ИСО 9001 «Сапа менеджментінің жүйесіне және / немесе экологиялық менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар» Халықаралық стандартында жазылған.
Стандарт кәсіпорында ИСО 9001 ХС-қа сәйкес жұмыс істейтін сапа жүйесін құру үшін және осы жүйені ИСО 9004 ХС-на сәйкес жақсарту үшін кәсіпорынның ішкі бөлімдерімен және сапа жүйесін сертификаттау кезінде оның ИСО 9001 ХС-ына сәйкестігін бағалау үшін сыртқы мекемелермен қолданыла алады.
ИСО 9001 стандарты өнімнің сапасына талаптар қоймайды, бірақ оның талаптары өнім сапасына қойылатын талаптарды толықтырады.
Әртүрлі мекемелердің СМЖ-лері әртүрлі формада кұрылуы мүмкіндігін мойындай отырып, стандарт сапаны жалпы басқару жүйесінің бірден-бір құрылымын тағайындау мақсатын қоймайды. Сонымен бірге, мекеменің СМЖ-сін енгізу бойынша стратегиясы болуын атап көрсетеді.
Дұрыс (жақсы) жұмыс істеу үшін кәсіпорын (ұйым) көптеген өзара байланыстағы іс-әрекеттер түрлерін анықтауы және оларды басқаруы керек.
Ресурстарды қолданатын және шығыстарды кірістерге айландыру мақсатында басқарылатын іс-әрекеттер үрдіс ретінде қарастырылады (сурет).
Үрдістің кірістері мыналар бола алады:
- алдыңғы үрдістің кірістері;
- шикізат, материалдар, өнімге қойылатын талаптар;
- құрал-жабдықтар және т.б. Үрдістің шығыстары:
- талаптарға сәйкес келетін (сәйкес келмейтін) өнім,
- шығындар;
- ақпарат және т.б.
Кәсіпорынның СМЖ-сі мыналарлы ескеру керек.
- кәсіпорынның өзгешілігін;
- оның көлемін (үлкен-кішілігін);
- өндірістің кұрылымын және оның ұйымдастырылуын. Басқарушы әрекеттер
Сапа жүйесі иілімді болуы керек, болашақта қажет болып шығуы мүмкін өзгерістерге бөгет болмауы үшін.
Жүйенің вариантын таңдау кезінде оның әр элементі бағаланады және сипатталады. СМЖ-сінің барлык элементтерін 3 топка бөлуге болды.
Жүйенің кәсіпорын басшылығымен айкындалатын элементтері:
- сапа аясындағы саясат;
- ұйымдық кұрылымы және жұмыстарды ұйымдастыру;
- сапа жүйесіне баға беру;
- оқыту.
2 Жүйенің бірнеше фаза немесе бөлімшелерді ауқымдаушы элементтер. Бұл элементтер сапа жүйесінің өзімен, жалпы фирмалық проблемалармен байланысты және өнімге (көрсетілетін қызметке) жататын проблемалармен байланысты болуы мүмкін.
Жалпы фирмалык проблемаларга жатады:
- құжаттарды бақылау;
- сапа бойынша барлык жазбаларды жүргізу (құжаттау);
- статистикалық әдістерді қолдану. Өнімге (қызмет көрсетуге) қатысты фирманың көптеген бөлімшелері мына сұрактарды шешуі керек:
- өнімді шығару сатыларын айқындау және олардың мақсаттарын белгілеу;
- сақтау, буып-түю, тасымалдау, босату;
- өлшем кұралдарын бақылау;
- ақаулы өнімдерді ұқсату;
- сапаны бақылау;
- сынау кезінде жағдайды бақылау.
3. Жүйенің жеке этаптарына тән элементтері:
- контракттерді тексеру;
- өнімнің өмірлік циклының әртүрлі этаптарында (жоспарлау, материалдар мен комплекттеуші бұйымдарды сатып алу, өнімді шығару және қолдану) сапасын қамтамасыз ету. Кейбір элементтерге тоқтала кетейік.
Кәсіпорынның сапа облысындағы жоспарлары сапа аясындагы саясатта көрсетіледі. Сапа аясындағы саясат төмендегі бағыттарда іс-әрскеттер жасау принциптері ретінде қалыптастырылады:
- шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылату және тұтынушының сұранысын қанағаттандыру арқасында кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
- сапаның жоғарылығы немесе жаңа нарық сегментін табу арқасында сатылатын өнімнің көлемін арттыру;
- бәсекелестерге қарағанда, өнімнің техникалық деңгейін жоғарырақ ұстау;
- өнімдерді (бұйымдарды) модернизациялау;
- белгілі тауар нарығында қажеттілікті анықтайтын өнімнің негізгі сапалық көрсеткіштерін жақсарту;
- сапаны жоғарылату жөніндегі іс-әрекеттерге персоналды тарту арқасында ақаулы өнімнің шығу деңгейін төмендету;
- қызмет көрсетуді жетілдіру.
Сапа аясындағы саясат құжат түрінде өңделеді, яғни қахазға жазылуы керек.
ИСО 9001 стандартында басшылықтың сапаға жауаптылық деңгейі тағайындалады. Фирма басшылығы сапа аясындағы саясатты қалыптастыру, сапа жүйесін кұру, енгізу үшін және оның жұмысына жауапты болып табылады. Бұл жағдай ашық айқындалған және құжатталған (құжат түрінде өңделген) болу керек. Мамандар штатын қалыптастыру және өндірістік, өлшеу-бақылау және сынау жабдықтарын алуға, ЭВ-дерді бағдарламамен қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды бөлу де басшылықтың міндетті болып табылады. Басшылық персоналдың қажетті біліктілік деңгейін тағайындап, оның біліктілігін өз уақытында жоғарылатуды қамтамасыз етіп отыруы керек.
Фирма басшылығын тауардың, оның нарықтағы тұрактылығына ықпал етуші сапалық көрсеткіштерін уакытында байқап отыру міндеті жүктеледі. Басшылық жаңа тауарлар шығару немесе жаңа кызмет түрін көрсету жөніндегі қабылданған шешімі үшін жауапты болып табылады.
Шетел фирмаларында және кейбір отандық фирмалар штатына сапа жөніндегі менеджер қызметі енгізілген. Менеджерлер тікелей бірінші басшыға бағынады. Олар сапа жүйесін құру және енгізумен шұғылданады, жүйенің жақсы күйін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында қызметтік нұскаулар болуы керек. Бұларда әр қызметкер үшін оның міндеттері, жауапкершілігі, және сапаны қамтамасыз ету облысындағы уәкілеттері жазылады.
Сапа жүйесінің бір ерекшелігі - оның кұрамына жүйені іштен тексеру, талдау және оның тиімділігін бағалау бөлімшесі кіреді.
СМЖ-сін іштен тексеруді фирма басшысы сайлаған (тағайындаған) арнайы дайындықтан өткен құзыретті мамандар жүргізеді. Мамандар жүйенің әр элементінің тиімділігін сапа жүйесі алдында қойылған мақсаттарды іске асыру тұрғысынан бағалауға міндетті. Бұндай тексерулер жоспарлы түрде жүзеге асырылады немесе ақаулар орын алғанда және фирмада ұйымдық өзгерістер орын алғанда жүргізіледі.
Тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі СМЖ-сінің құжатталған процедурасында жазылуы керек. Процедура тексеру объектілері мен әдістері; тексерілетін объектілерді бағалау критерийлері; тексеру жүргізуші қызметкерлерге қойылатын талаптар; тексеруді жүргізу тәртібі және т.б. тағайындалады. Әдетте, тексеру объектілері өнімнің сапалық параметрлері, сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы болып табылады. Тексеру нәтижесі бойынша есеп беріледі.
Басшылық сапа жүйесі жұмысының тиімділігіне талдау жүргізуі керек. Талдау жүргізудің қажеттілігі іс-әрекеттердің сыртқы жағдайының өзгеруінен туындайды, мысалы, тауарды жаңа (шет ел) нарығына шығарған кезде. Талдауды, әдетте, басшылықтың нұскауы бойынша фирманың мамандары немесе тәуелсіз мамандар жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған жүйеге енгізілуі қажетті өзгерістер өнімнің сапасын жоғарылату жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаға енгізілуі мүмкін.
СМЖ төмендегі талаптарға сай болуы керек:
- өнімге немесе көрсетілетін қызметке тұтынушылар қоятын талаптар қанағатталуы керек;
- проблемалардың (ақаулардың) алдын алу қажет, керісінше болмау керек, яғни ақаулар орын алғаннан кейін анықталмауы керек;
- егер ақаулық немесе талаптарға сәйкессіздік орын алған болса, жүйе олардың табылуын (айқындалуын) қамтамасыз ету керек;
- жүйе табылған ақауды немесе сәйкес келмейтін өнімнің өндіріске немесе тұтынушыға түспеуіне кепілдік беруі керек;
- жүйе өнімнің өндірістің, жүйенің тұракты және үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз етуі керек.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер: