«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара 1- жүргізуші



бет3/3
Дата12.11.2022
өлшемі44,19 Kb.
#49656
1   2   3
1-Жүргізуші : Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
Концертіміздің соңғы санында кезекті жоғары сынып оқушыларына берейік
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2- жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы ,сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап,сіздерді егеменді еліміздің өрелі де,өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайра ,еңбектеріңізге жеміс тілей отырып ,алғысымызда айтамыз.Білім шаңырағы –алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде ,ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау –саламатта болайық!

1.Жерден нені көтеру оңай,ал алысқа лақтыру қиын


2.Джордж Вашингтон ,Шерлок Холмс ,Вильям Шекспир, Людвиг Ван Бетховен ,Напаолеон Бонапарт және Нерон.Бұл тізімде кім артық


3.Нені сол қолмен ұстап,нені ұстай алмаймыз
4. Сиыр неге жерге жатады

5. Юрий Гагариннің ұшуы қанша уақытқа созылды




6.Ертістің ортасында не бар
7. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет