Султаналиева Диляра 1301-82



Дата26.10.2022
өлшемі12,39 Kb.
#45459
Байланысты:
эссе казяз (1)


Султаналиева Диляра 1301-82
Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Эссе
« Қандай көркем – туған өлкем »
Менің туған өлкем- ол Қазақстан . Өз туған өлкемді, өз отанымды, осы көп ұлтты Қазақстан мемлекетін мақтан тұтамын. Қазақстан осыдан жиырма жылдай бұрын, Кеңес Одағы ыдырағыннан кейін тәуелсіздік алды. Қазір елімізде түрлі мәдениет өкілдері тұрады. Қазақстанның әрбір тұрғыны қазақ тілін білуге ұмтылады- бұл мемлекеттік тіл.
Қазақстан- адамдардың өмір сүруі үшін ең қауіпсіз және ең қолайлы елдердің бірі. Бейбітшілік пен тұрақтылық , әділеттік пен тиімді дамыған елдің іргетасы. "Туған жердей жер болмас туған елдей ел болмас деп бекер айтылған емес. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Қорытындыға келе, дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін көркемдетіп мақтан тұтуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет