Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?


Робототехника STEM концепциялары (тұжырымдамасы) -оқытудың жолсерігі ретінде



бет41/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Робототехника STEM концепциялары (тұжырымдамасы) -оқытудың жолсерігі ретінде

«STEM» мақсаты – балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. 
Робот техникасы - бұл адам іс-әрекетінің түрлі зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді іске асыру үшін пайдаланылатын қолданбалы ғылым. Робототехникамен жұмыста мұғалім оқушыларға инженерлік бағдарламалауды жасай алуына, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асыруына бағыт-бағдар беруін талап етеді.
Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін, қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Робот техникасы дегеніміз – зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым. Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі – білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылыми бағытында оқушылармен жұмыс істеу және оқушылардың ой – өрісін кең дамыта отырып, инженерлік ойлау негіздерінің алғышарттарын қалыптастыру деп ойлаймын.
Қазіргі таңда, интернет желісінде робот туралы ақпарат жеткілікті. Жаңалықтарға сүйенсек, 2030 жылға таяу адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығармақшы.


  1. Бастауыш сыныпта stem пәнін енгізудің қажеттілігі

STEM оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қаламай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізге міндеті. Инженерлік жобалау барысында оқушылар мәселелерді анықтап, оларды дамытады, сынайды және оларды шешу жолдарын табады. STEM білім беру оқушыларды жаратылыстану-математикалық және инженерлік-технологиялық бағыттағы негізгі пәндер бойынша білім алуға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және ғылым мен техникада кәсіпке деген ұмтылысты дамытуға бағытталады. STEM - эмоция, сезім, шығармашылыққа жауап беретін мидың оң жақ жарты шарын жұмыс істетеді. Аталған технология бойынша мысал ретінде көптеген сәтті өткен жобалық жұмыстарды атауға болады. Білім беру STEM технологиясын бастауыш сыныпқа ендірудің қажеттіліктері: - математика мен жаратылыстануға қызығушылықтарын белсендіреді; - техника, робототехника, құрастыру салаларындағы білімдерді игеруге көмектеседі; - шығармашылық қабілеттері мен коммуникациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды; - баланың потенциалын және оның кәсіби өзін-өзі ерте анықтауына мүмкіндік жасайды




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет