Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет19/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
21 
Травматология пунктінің болуы мекеме саласына сәйкес және қолданыстағы 
нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып анықталады. 
5.4.4.1.4 Облыстық консультациялық емханалар немесе республикалық, облыстық 
ауруханалардың емхана бөлімдері кезінде консультация, тексеру және емдеу кезеңінде 
сырттан келген науқастардың келуі үшін жеке тұрған пансионаттарды қарастыру керек.
5.4.4.1.5 Жедел көмек бөлімін, травматологиялық пунктті, инфекциялық кабинетті 
өздігінен сыртқа шығаберіс есіктер арқылы орналастыру керек. 
5.4.4.1.6 Стоматологиялық емханаларды (бөлімдерді) және кабинеттерді жобалау 
барысында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
5.4.4.1.7 Аллергологиялық кабинеттерді дәріханаларға, процедуралық бөлмелерге, 
зертханаға және буфеттерге іргелес орналастыруға жол берілмейді.
5.4.4.1.8 Конференц-залдың сыйымдылығы мекеменің сыйымдылығы нәтижесінде 
анықталады.
5.4.4.1.9 Ересектерге арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым 
үй-жайларын, оның ішінде емханаларды (диспансерлерді), сондай-ақ мамандандырылған 
амбулаториялық-емханалық ұйымдарды, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды
ұйымның құрылымына, ерекшелігіне сәйкес және «Денсаулық сақтау объектілеріне 
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын 
ескере отырып қарастыру керек. 
5.4.4.2 Балаларға арналған амбулаториялық-емханалық
көмек көрсететін 
ұйымдар
5.4.4.2.1 
Балалар емханасының жоспарлық құрылымына мынадай негізгі 
функционалдық топтар белгіленуі керек:
- жалпы үй-жайлар; 
- емдеу-профилактикалық бөлімшелер; 
- қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар. 
5.4.4.2.2 Емханаға баламен кіруге арналған есікті орталық есік арқылы қарастыру 
керек, бұл кезде инфекциялық аурулар бар науқастарды тексеруге және оңашалауға 
арналған қабылдау-тексеру бокстарын (фильтр-бокстар) қарастыру керек.
5.4.4.2.3 Емханалар үй-жайын, балаларға арналған қуаттылығы әртүрлі қызметтік 
және тұрмыстық үй-жайларды «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелер талаптарын және қолданыстағы 
нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып қарастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет