Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет42/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
42 
5.5.2 Жылумен қамту
5.5.2.1 Жылу пункттерінің қондырғыларын орналастыру медициналық мақсаттағы 
ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешімдеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес 
қарастырылады. 
Бұл жағдайда шудан қорғау бойынша нормативтік талаптарды сақтау керек. 
5.5.2.2 су жылытатын қазандары бар резервті қазандықтарда химиялық су тазарту 
және бак-аккумуляторлар қарастырылмайды. 
5.5.2.3 Емдеу-профилактикалық мекемелер ғимараттарының жертөлелер және 
техникалық еден асты бойынша жылумен жабдықтаудың транзиттік құбырларын төсеуге 
жол берілмейді. 
5.5.2.4 Бумен қамту келесі үй-жайлар үшін қарастырылады: кір жуу орындары, 
дезинфекциялық бөлімдер, канализация науаларын термиялық өңдеу станциялары, 
балалар сүт асханалары және технология талаптарын анықтайтын көлемдегі санитарлық-
эпидемиологиялық станциялар. 
5.5.2.5 Жылытылған су құбырларын жеке жылу пунктінен ағыс желдету 
камераларына дейін пайдалану үй-жайлары және эвакуациялау жолдары арқылы төсеуге 
тыйым салынған. 
5.5.2.6 Емдеу-профилактикалық мекемелердің және дәріханалар ғимаратының жылу 
қорғанышын энергия тұтынуға қойылатын талаптарға сәйкес жобалау керек. 
5.5.3 Жылыту
5.5.3.1 Ғимаратты жылытуды қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына 
сәйкес жобалау керек. 
5.5.3.2 Жылыту жүйелерін жобалау барысында оларды реттеудің және сөндірудің 
қасбеттік мүмкіндігі қарастырылады. 
5.5.3.3 Медициналық ұйымдарды орталықтан жылыту жүйелерінде жылу таратушы 
ретінде су қолданылады. Жылыту жүйелерінде басқа сұйықтықтарды және ерітінділерді 
қолдануға жол берілмейді. 
5.5.3.4 Баспалдақ клеткаларын және вестибюльдерді жылыту шкафтарымен 
жылытуға жол берілмейді. 
5.5.3.5 Жылыту аспаптарының жылу беруін реттеу үшін оларға жеткізуге 
термореттегіш қондырғысын қарастыру керек. 
5.5.4 Желдету және ауа баптау 
5.5.4.1 Желдету және ауа баптау желдету және ауа баптау жүйелерінің тазалық 
деңгейі бойынша үй-жай дәрежелігін ескере отырып қарастырылуы тиіс. 
5.5.4.2 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері медициналық қызметтер жүзеге 
асырылатын үй-жайдың микроклиматы мен ауа ортасының нормаланған параметрін 
қамтамасыз етуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет