«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет21/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Бақылау сұрақтары:

  1. Су тастағыш құрылымдардың түрлерін және топтарын келтіріңіз

  2. Су тастағыш құрылымдарды өзен бойына орналастыратын тұсты қалай анықтайды.

Су тастағыш құрылымдар пайдалану жағдайы туралы түсініктеме.
27-дәріс. Су объектілерін қалпына келтіру іс-шараларының мысалдары және олардың тиімділігін бағалау
28-дәріс. Су ішілік процестерге араласу арқылы антропогендік эвтрофия және токсикофония салдарымен күрес.


Дәрістік сабақты өткiзу формасы: проблемалық.

Каналға бүйірлей су алатын тораптарда су алғыш құрылымдар ретінде ашық реттегіш шлюздар қолданылады. Реттегіш шлюздың білігі (осі) ағыс бағытына тік (90º) не доғал бұрыш құрайды. Бүйірлей су алатын құрылымдардың ағыс бағытымен қиылысу бұрышы 130º-140º аспау керек деп есептеледі. Бүйірлей су алатын құрылымдардың жетістіктері: олардың құрылысын салу және пайдалану оңай да жеңіл, оның үстіне жоғарғы бьефтегі судың деңгейі тұрақты жағдайда, судың есепті ағымын каналға тұрақты беруді қамтамасыз етеді. Су ресурстары комитетінің деректері бойынша Қазақстанда салынған су алғыш құрылымдардың 70-80 % осы бүйірлей су алғыш құрылымдар. Ал енді бұл құрылымдардың кемшілігі, өзеннен су алу коэффициенті 0,5-0,6 жеткенде түпкі тасындылардың 90 % дейінгі көлемі каналға түседі. Бүйірлей су алғыш құрылымдардың жетілдірген конструкциялары түпкі тасындылардың каналға ағын сумен түсуін азайтады. Төменде 13.3. суретте Турген өзеніне салынған бүйірлей су алғыш құрылым суреті және бүйірлей су алғыш құрылымдарды жалпы орналастыру схемасы келтірілген.



13.3. сурет. Бүйірлей су алғыш құрылымдарды орналастыру схемасы.
а) су қабылдағыш құрылым өзен арнасымен тік бұрышты түрде қиылысқан;
б) су қабылдағыш құрылым өзен арнасымен доғал бұрыш түрінде қиылысқан


Бүйірлей су алғыш құрылымдар түрлері және оларды қолдану жағдайлары: бүйірлей су алатын құрылымдарды негізінен өзен арнасы тік учаскелерге, суды бір жақ жағаға, кейде екі жақ жағаға да беретін қылып орналастырады. Су ағысының ені күрт азайып, жоғарғы бьефте тасындыларды көтеретін су иірімі туындамас үшін, су алғыш құрылымның кіре беріс енін жәйлап азайуы шарт.
Суды бүйірлей алғанда құрылым алдында кесе көлденең су иірімі (циркуляция) пайда болады да, су ағысы, онымен бірге тасындылар су алғыш тесікке қарай бағытталады. Неқұрлым су алу коэффициенті жоғары болса, солқұрлым кесе көлденең ирім қарқынды дамиды. Бүйірлей су алатын құрылымдардың конструкциясын жетілдіру мәселелері - құрылым алдында пайда болатын кесе көленең иірімді кері бағыттап, тасындыларды арнайы тасындылар ұстағыш галереяларға немесе плотинаның су тастағыш тесіктеріне бағыттау болып табылады. Құрылым алдына шөккен тасындыларды ағын сумен жуады. Ол үшін су реттегіш шлюзге жақын орналасқан плотинаның тесігінің табалдырығын понур биіктігімен бірдей қылып төмен орналастырады. Плотинаның бұл тесіктері қақпақпен жабылады да, оларды тасынды жуатын тесік деп атайды.
Каналға түсетін тасындылармен күресу тәсіліне байланысты бүйірлей су алғыш құрылымдар былай топталады: 1) тасындыларды тікелей жуатын; 2) көлденең текшелі; 3) түпкі тасындыларды жуатын галереялы; 4) тасындылар ұстайтын галереялы; 5) қашықтатылған тасынды жуатын тесігі бар; 6) тіректі.
Тасындыларды тікелей жуатын бүйірлей су алғыш құрылымдар. Бұл құрылымдар табалдырығы өзен арнасы табанынан жоғары орналасқан бүйірлей су алатын реттегіш шлюздан тұрады. Құрылым схемасы 13.4. суретте көрсетілген.

13.4. сурет. Тасындыларды тікелей жуатын бүйірлей су алғыш құрылымдар.
1. бүйірлей су қабылдағыш құрылымның реттегіш шлюзы. 2. кіре беріс табалдырық; 3. су ағар бөгет; 4. құрылымның тасындыларды жуатын тесігі; 5. канал; 6. тор; 7. құбыр қақпақ- тары; 8. акведук; 9. көлденең тақта.
Су реттегіш шлюздың төменгі тірегіне құрылымның тасынды жуғыш тесігі жанасып тұрады, табалдырығының деңгейі понурмен бірдей, құрылым алдына жиналған тасындыларды жууға арналған. Ал осы тасынды жуатын тесікке жанасып, автоматты түрде жұмыс атқаратын, не төбесінде қақпағы бар, бөгеттің суағар бөлігі орналасады. Құрылым арқылы тасқын су өткенде бүкіл су тастағыш тесіктер, су ағар және тасынды жуатын тесіктер мен галереялар толық ашылуға тиісті, бұл жағдай бөгеттің су тастағыш бөлігінің ұзындығын анықтағанда осылай қабылданады.
Тасындыларды тікелей жуып, бүйірлей су алғыш құрылымдардың конструкциясын қабылдағанда, тасындылар реттегіш шлюздың алдына шөгеді деп болжам жасалған. Тасындылар шөгіндісі көбейіп, су қабылдағыш шлюзға түсу қаупі туған кезде, құрылымның тасынды жуатын тесігі ашылып, тасындылар төменгі бьефке жуылады. Тасындыларды жуу кезінде, су қабылдағыш құрылымның қақпағы жабық болады. Бүйірлей су алғыш құрылымдарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, су алу процесінде кесе көлденең циркуляция әсерінен түпкі тасындылар су қабылдағыш шлюзға түсіп, әрі қарай каналға түседі. Су алу коэффициенті көбейген сайын, тасындылардың су қабылғыш шлюзға түсуі көбейеді. Су алу коэффициенті 0,5 және одан көп болған жағдайда тасындылардың бәрі дерлік су алғыш құрылымға түседі. Тасындылардың су алғыш құрылымға түсуін азайту үшін, бүйірлей су алғыш құрылымдардың конструкциялары жетілдіру үстінде.
Көлденең тақтасы бар, бүйірлей су алғыш құрылым. Бүйірлей су алғыш құрылымның су қабылдағыш шлюзының табалдырығының алдына көленең тақта қояды, бұл тақта су ағымын екі қабатқа бөледі (13.5. сурет). Әр қабаттың тесігін жабатын бөлек қақпа құрылады. Түпкі тасындылар су алғыш құрылымға жақындағанда тақтаның астымен кетіп, құрылымның тасындылар жуатын тесігі арқылы төменгі бьефке сумен жуылып отырылады. Тасындылар жуылатын мезгілде су қабылдағыш шлюздың қақпағы жабық болады. Көлденең тақта түпкі тасындылардың су ағысымен көтеріліп, су қабылдағыш шлюз арқылы каналға түсуіне жол бермейді. Жоғарғы қабаттың қақпағы тек тасқын суды өткізетін кезде ғана ашылады. Кейде, тақтаның үстіне шөккен тасындыларды мезгіл-мезгіл жуу үшін де үстіңгі қақпақты ашады. Кейде, тақтаның ұзына бойына тесіктер қалдырыу арқылы көлденең тақтаға шөгетін тасындылардың көлемін азайтуға болады, бұл жоғарғы қабаттағы қақпақты ашуды азайтуға мүмкіндік береді, бұл шешім судың тапшы кезеңінде өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет