Кранды жауып, құйғыға таза су құйыңдар. Жиілігі минутына 30-40 тамшыдай болғаны дұрыс. Осы шарт орындағанда ғана тамшының үзілуі ауырлық күшінің әрекетінен деп санауға болады.
Түтіктің астына бос стақан қойып, 80-100 тамшыны санап, стақанға жинап алыңдар;
(13.11) формуласымен судың беттік керілуін есептеңдер;
Өлшеуді бірнеше рет қайталап, σорт мәнін табыңдар. Өлшеу нәтижесін кестеге түсіріңдер;
Өздерің алған мәнді оның кестелік мәнімен салыстырыңдар;
σ-ның әр түрлі әдіспен табылған мәндерін салыстырыңдар.
Қорытынды сұрақтар: Сұйықтың қатты денеге жұғу-жұқпау механизмі қандай? Капиллярлық құбылыстарға тұрмыстан, өмірден мысал келтіріңдер. «Су – өмірдің бастауы» дегенді физикалық тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер?
Қорытынды жасаңдар.
Бағалау, үйге тапсырма: § 6.3 Сұйықтың беттік қабатының қасиеттері (Б. Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев Физика 10).
Қолданылған әдебиеттер: Г.Ш.Гоциридзе «Практические и лабораторные работы по физике 7-11». Москва. Классикс Стиль. 2002
Б. Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев Физика 10.
Р.Гебель, К.Хобольд «Физика Справочникшкольника и студента» Москва. «Дрофа» 2002