1 тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптар Жұмыс мақсаты: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптардыды, сонымен бірге “Құрылғы ” өнертабыс объектісі, «Бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдану»
1 тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптар
Жұмыс мақсаты:1. Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптардыды, сонымен бірге “Құрылғы ” - өнертабыс объектісі, «Бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдану»-өнертабыс объектісі, өнертабысқа танылмайтын ұсыныстар, өнертабыс бірлігінің талаптары, өтінім құрамы, өтінімге қоса тіркелетін құжаттар, өтінім тілдері, даналар саны түсініктерді үйренү.
Теориялық бөлім. Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптар “Құрылғы ” - онертабыс объектісі
Өнертабыс объектісі ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады.
Құрылғыны сипатгау үшін, атап айтқанда, келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдардың) элемент (элементтердің) бар-жогы;
элементтер арасындағы байлапыстардың бар- жоғы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе кұрылғының тұтастай орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысаны;
элемент (элементтер) өлшемдері және басқа да сипаттамалар мен олардың өзара байланысы;
элемент (элементтер) немесе тұтастай құрылғы жасалған материал; элемент функциясын атқаратын орта;
«Бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдану» - өнертабыс объектісі
Өнертабыс объектісі ретінде бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдануға оны тиісінше өзге бағытта пайдалану жатқызылады.
Жаңа бағытқа қолдануға қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заттардың (табиғи және жасанды түрде алған) алғашқы қолданылуы теңестіріледі, яғни мұндай бағыты айқындалмаған табиғи заттар, экспериментте алынған заттар, өндіріс қалдықтары және т.б. практикалық бағытын белгілеу.
Бұрыннан белгілі құрылғының жаңа бағыттағы сипаттамасын қолдану үшін оның ұқсастығына қажетті қолданылатын объектінің қысқаша сипаттамасы және осы жаңа бағыттың көрсеткіші пайдаланылады.
Өнертабысқа танылмайтын ұсыныстар
Заңның 6- бабының 3-тармағына сәйкес онертабысқа танылмайтындар:
жаңалықтар, ғылыми теория және математикалық әдістер;
шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;
шартгы белгілер, кестелер, ережелер;
ақыл-ой опсрацияларын атқарудың ережелері мен әдістері;
есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар жәңе сондайлық
алгоритмдер;
құрылыстар, ғимараттар, аумақтар жоспарлануының жобалары мен тәсімдері;
бұйымның сыртқы түріне қатысты ұсыныстар;қоғамдық мудделерге, ізгілік және моралдық принциптерге қайшы келетін ұсыныстар.
Интегралдық микротәсім топологиясы, өсімдіктер сорты және жануарлар тұқымы да өнертабыстар ретінде танылмайды, оларды қорғау өзге заңдармен реттеледі (Заңның 2-бабы).
Өпертабыс бірлігінің талаптары
Заңның 17-бабының 1-тармағыпа сәйкес өтінім өзара байланысы соншалықты, ортақ онертабыс мәнін құрайтын бір өнертабысқа пемесе өнертабыстар тобына қатысты болуға тиіс.
Егер:
өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;
өнертабыс формуласында өнертабыстар тобы сипатталса;
бірі екіншісін алуға (даярлау) бағытталған (мысалы, құрылғы немесе зат және оны алу (даярлау) тәсілі тұтастай құрылғы немесе зат немесе олардың бөліктері);
бірі екіншісін жүзеге асыру үшін бағытталса (мысалы, тәсіл және тәсілді тұтастай жүзеге асыратын құрылғы немесе оның бірінің іс-әрекеті);
бірі екіншісіне (екіншісінде) пайдалануға бағытталған (мысалы, тәсілде пайдалануға бағытталған тәсіл мен зат; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі; құрылғы немесе затты жаңа бағыты бойынша қолдану және оларды осы бағытына сәйкес пайдалану тәсілі; құрылғы мен затты жаңа бағыты бойынша қолдану және олар құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғы немесе композиция);
бір ғана техникалық нәтиже (нұсқалары) алуды қамтамасыз ететін бір түрге, бір бағытты объектілерге жататын болса, өнеркәсіп бірлігі сақталған болып танылады.
Өтінім құрамы
Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінімде мыналар болуы тиіс:
аттарына инновациялық патент және патент сұралып отырғап өнертабыс авторы және тұлғалар көрсетілген инновациялык патент және патент беру туралы өтініш, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;
өнертабыс жүзеге асырылуы үшін толық ашатын сипаттамасы;
опың мәнін білдіретін және сипаттамада толық негізделген өнертабыс формуласы;
егер олар өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса, сызбалар және өзге де материалдар;
реферат;
өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда, сенімхат;
өнертабыска патент сұралған жағдайда осы Заңның 22-бабының 7- тармағында қарастырылған өтініш.