Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері



бет2/8
Дата06.12.2022
өлшемі101,69 Kb.
#55273
1   2   3   4   5   6   7   8

Тілдік жүйемен таныстыру естімейтін балалардың бар сөйлеу тәжірибесіне сүйене отырып сөйлеу арқылы қарым – қатынас практикасын ұйымдастыру барысында жүзеге асады. С.А.Зыковтың идеясы бойынша естімейтін балалар тілдік белгілерді сөйлеу барысындағы әртүрлі сөйлеу тілі формаларын қолдану арқылы меңгереді: ең басынан жеке сөздерді бермей, өтініш, сезімін, ойын білдіретін бірден дайын айтылуларды қолданып үйретеді. Коммуникативті іс - әрекет жүйесі келесі қағидаларға негізделеді. Генетикалық қағидасы баланың онтогенездегі сөйлеу тілінің даму заңдылықтарын, сөйлеу тілінің шығуының заңдылықтарын, филогенездегі сөйлеу тілін қарастырады. Осыған байланысты естімейтін балалардың сөйлеу іс - әрекетін қалыптастыру (оның міндеттері, әдістемені анықтау, сөйлеу құралдарын таңдау, оның мазмұнын құрылымын таңдау) қалыпты баланың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне, сөйлеу функциясының қалыптасу генезисіне сүйенеді.

Іс - әрекет қағидасы естімейтін балалардың сөйлеу тілін меңгеруі қажеттіліктен келіп шығуына арнайы жағдай жасауды қарастырады. Қарым – қатынас жасау қажеттілігін пайда қылдыру және бекіту үшін мектепте заттық – практикалық іс - әрекет, мектепке дейінгі мекемелерде тұрмыстық, ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеті ұйымдастырылады. Әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым – қатынас құралын меңгеруін қамтамасыз етеді, сонымен бірге сөздік материалды таңдауда фонетикалық немесе грамматикалық талаптар бойынша емес, балардың ұйымдасқан іс - әрекетінің қажеттілігіне сүйеніп таңдалып алынады.

  • Іс - әрекет қағидасы естімейтін балалардың сөйлеу тілін меңгеруі қажеттіліктен келіп шығуына арнайы жағдай жасауды қарастырады. Қарым – қатынас жасау қажеттілігін пайда қылдыру және бекіту үшін мектепте заттық – практикалық іс - әрекет, мектепке дейінгі мекемелерде тұрмыстық, ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеті ұйымдастырылады. Әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым – қатынас құралын меңгеруін қамтамасыз етеді, сонымен бірге сөздік материалды таңдауда фонетикалық немесе грамматикалық талаптар бойынша емес, балардың ұйымдасқан іс - әрекетінің қажеттілігіне сүйеніп таңдалып алынады.
  • Құрылымды – семантикалық қағидасы сурдопедагогты тілдегі бар мағына мен формасы, мазмұны мен құрылымы арасындағы өзара байланысқа бағыттайды. Алдымен естімейтін балалар сөйлеу кезіндегі сызықтық синтагматикалық байланыстарды: фразаларды, сөйлемдерді, синтагмаларды және т.б. меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет