1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары



Дата06.01.2022
өлшемі32,8 Kb.
#12562
Байланысты:
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі, ғылыми зерттеу әдістері


Жоспар:
Кіріспе.....................................................................................................3

1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.................................................................................................5

2. Мектеп жасына дейінгі балалар дене әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері........................................................................................................8

3. Дене шынықтырудан білім беру міндеттері.......................................9

4. Дене әдістемесінің тәрбиелік міндеттері..............................................11

Қорытынды..................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................14

Кіріспе
Қазақстан Республикасының келешекте даму стратегиясының басымды бағыттарының қатарына қазақстандағы барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен азаматтардың әл – ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселелері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан – 2030» дамуы (1997) жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамындағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай – ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық – еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.

Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің функцияларын жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарда дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Анықталған деректер мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр.

Осылайша, бір жағынан дене тәрбиесі пәні арқылы мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр.

Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да «Дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері» атты зерттеу тақырыбы таңдалып алынды.

Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі білім беру процесі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты: күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан – жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы – балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және осы процеске республикамыздың тәрбиеші - оқытушылар мен жаттықтырушыларын, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептерінің ұстаздарын жұмылдыру.

Зерттеу міндеттері:

1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;

2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру;

3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;

4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде болып отыр.

1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары


Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.

Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықты- руға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-гигиеналық фактор лар жатады.

Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіп¬тік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.

Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:

Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:

1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.

2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.

Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.

Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.

Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.

Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.

Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.

2. Мектеп жасына дейінгі балалар дене әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері


Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалаық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттылық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.

Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады, денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзеңгілерінің дамуына, байланыс – буындық аппараттың нығаюына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатынасы (пропорция) дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болу; бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп – жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үнемі жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сиымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың (ас қорыту, тер, зәр шығару және т.б.) дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне (жылуды реттеу және қорғаныс) жәрдемдесу; қозу мен тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, активті тежелістің дамуына, сондай – ақ қимыл – қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің (көру, есту т.б.) жетілуіне себепші болу.

3. Дене шынықтырудан білім беру міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес: қимыл – қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру.

Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл – қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін (еңбектеу, жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед теуіп ойнау т.б.) балалар күнделікті өмірде пайдаланады.

Қимыл – қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып – білуге көмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып – біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады.

Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы «қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру» әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды.

Қалыптасқан қимыл – қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Егер бала жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын аз жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай – ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады.

Нық қалыптасқан қимыл – қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл – қозғалыс және ойын іс - әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы, «Жар астында қасқыр бар» ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек екендігі жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады.

Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл – қозғалыс дағдылары мектепте оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар (И. Тер – Ованесян, В. Брумель т.б.) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған.

Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар – жүру, жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.). Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл – қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, тепе – теңдік сақтау т.б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шапшаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау – балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді.

Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да орындай, қимыл – қозғалысты тікелей іс - әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы – дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды.

Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, физкультуралық құралдарды, бөлмені таза ұстау т.б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы көбіне осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым толық өз бетімен пайдалануға (гигиеналық жағдайды, табиғаттың жаратылыстық факторын, қол еңбегін), тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимыл – қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағлұматты, сондай – ақ жеке және қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.

Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын (жоғары, төмен, алға, артқа, оңға, солға, артқа бұрылу т.б.), физкультура жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту ережелерін, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты білімдер балалар өскен сайын кеңейе түседі.

4. Дене әдістемесінің тәрбиелік міндеттері


Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген қажеттілікті әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды өз құрастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге өткізу қажет.

Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек.

Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл – ой, эстетика және еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады.

Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік қасиеттерді (әділеттілік, адалдық жолдастық сезім, өзара көмек, ұжыммен жұмыс істей білу, физкультура жабдықтарын күтіп ұстау т.б.) тәрбиелеу үшін, сондай – ақ ерік – жігер қасиеттерінің (батылдық, тәуекелшілдік, табандылық, ұстамдылық т.б.) көрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалады.

Ақыл – ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі нерв жүйесінің және барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейлінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне қатысты ғана емес, іс - әрекеттің басқа түрлерінен (мысалы, жануарлардың, құстардың, жәндіктердің мінез – құлықтары, табиғат және қоғам өмірі құбылыстары жайлы алған білім де бекемдене түседі. балалардың барлық психикалық процестері (қабылдау, көңіл аудару, елестету, ойлану, сөйлеу, ес, қиялдау т.б.), сондай – ақ ойлау процестері (бақылау, салыстыру, талдау, синтездеу, жинақтау т.б.) дамиды.

Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік, зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл – қозғалыс іс - әрекеттерінде шығармашылықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдары көңілді қамтамасыз ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай – ақ жағымсыз психикалық көңіл күйді тез жеңе білуді дамыту өте маңызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық органдар мен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ететіндігімен, қимыл – қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығы мен беріктігін қамтамасыз ететіндігінен де қажет.

Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл – қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлілігін, костюмдердің, физкультура жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез – құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сөздердегі, қылықтардағы дөрекілікке төзбеушілікті тәрбиелеу орынды.

Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылды. Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл – қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бөлмені, учаскені жабдықтаумен (секіруге арналған құм төгілген шұңқыр, қар белдеулерін жасау, сырғанақ жолдар, мұз айдыныын құю, шаңғы сүрлеуін жасау т.б.), физкультура құралдарын әзірлеумен және жөндеумен байланысты (лақтыратын қапшықтарды тігу, нысаналарды бояу т.б.), спорттық кимідерді, аяқ киімдерді сақтауға және оларды күтіп ұстауға, бөлмені, учаскені сабаққа әзірлеуге (учаскені қардан тазалау, түскен жапырақтарды жинау, алаңға, жолдарға құм шашу, оларға су себу т.б.), физкультура құралдарын сабақтар кезінде орын – орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді.

Қорытынды


Қорыта айтқанда тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады. Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .

1) Сабақтың жылдық жоспары.

2) Күнтізбелік жоспар.

3) Сабақтың мазмұндама жоспары.

4) Сынақ алу құжаттары.

Нәрістелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрістелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретіменн орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мектепке дейінгі баалалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин., Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).

Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Нурлыбекова А. Б. Принципы педагогики развития при построении программ физического воспитания дошкольников. – Алматы, 1998. – с. 3.

2. Нурлыбекова А. Б. Принципы педагогики развития при построении программ физического воспитания дошкольников. – Алматы, 1998. – с. 20 – 21.

3. Осокина Т. И. Балалар бақшасындағы дене шынықтыру. – Алматы, 1982.– 264 бет.

4. Павлов И. П. Избранные труды. М., 1951, 161 – бет.

5. Русскова Л. В., Соловьева О. И. Балалар бақшасында тәрбиелену программасына методикалық нұсқау. – Алматы, 1979. – б. 151 – 152.

6. Сағындықова Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991. – 176 бет.

7. Степанкова Э. Я. Использование подвижных игр в воспитании детей дошкольного возраста // Педагогическая практика студентов по курсу «Теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста» - М., 1984. – с. 69 – 70.

8. Старковская В. Л. Подвижные игры в терапии больных и ослабленных детей. – М., 1987. – с. 200.

9. Уварова З. С. и др. Физическое воспитание детей раннего и дошкольного возраста. – М., 1963.

10. Ядэшко В. И., Сокин Ф. А. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы, 1982.– 333 бет.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет