Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет69/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмыстар және ойын, мадақтау.
Билингвалды компонент: бақбақ-одуванчик -dandelion
Құралдар: қатты қылқаламдар , қағаздар, су, бояулар, мамық.
І. Кіріспе бөлімі.
Психологиялық сәт: - Балалар, менің қолымда әдемі гүл бар, осы гүлді бір –бірімізге сыйлап, жылы сөздер айтайық.
-Айнұр гүлдей сұлу болып өс.
ІІ. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: - Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін табасыңдар.
Жұмбақ.
Өзіне шап-шақ, киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап.
Ол не? (Бақбақ)
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде бірінші болып шығатын бақбақ гүлін қарап, бақылап, көрейік. (Слайд қарау).
-Бақбақ (одуванчик) ерте көктемде өсетін көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады. Шоқ бас, сары түсті гүлі жалғыздан сабақ ұшында өседі. Бақбақты егістік арасынан, жолдан, сайдан, өзен жағасынан бастау басынан кездестіруге болады. Бақбақ түгелімен дәріге жарамды. Жемісін пісуден бұрын қазып алып, жас күйінде немесе кептіріп. Дәрі жасайды.
Сергіту сәті: «Гүл»
Балалар мұқият тыңдайды.
Тақтмен жұмыс жасайды.
Өсемін былай мен деген,
Қауызым бүйтіп ашылар.
Кездерде самал тербеген,
Хош иісім маңға шашылар.
Қатты жартылай құрғақ қылқаламның қырымен сурет салу әдіс –тәсілі: аталған техникада сурет қылқаламды гуашьқа түсіру арқылы алынады, және бала қылқаламды тігінен ұстап тұрып қағазға салады. Жұмыс кезінде қылқалам суға салмаймыз (малымаймыз).
Осылайша, қағаз бетінде бақбақ гүлінің сұлбасын саламыз.
«КІМ КЕЛДІ?» саусақ жаттығуы.

Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады).
Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)
Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)
Ағатайым, бұл сіз бе?
(екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)
Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)
Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)
Балалар жеке жұмыс жасайды. Көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет