Т. Б. Абрарова Өткізу мерзімі



бет4/6
Дата27.02.2023
өлшемі77,08 Kb.
#70061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
ІІІ топ
15. 1904 жылы( Міржақып Дулатов Омбыға келеді)
16.1920 жылы (Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады)
17. 1905 жылы ( Ахмет Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыға барып, патшаның отарлау саясатында ереуілді көреді )
18.1902 жылы( Ауылда мұғалім болады)
19.1922 жылы (Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады)
20.1910 жылы (Қазан қаласында « Бақытсыз Жамал» романы шығады)
21.1907 жылы (Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңі жарияланды)

3.Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут)
Қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман-
« Бақытсыз Жамал» романы 1910 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ахмет Байтұрсынов : «Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды» деп алғаш пікір айтқан, романды бағалаған.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы.
Мақсаты: «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбын, идеялық мазмұнын білу.
4. Жаңа сабақты түсіндіру. (10 минут)
(екі студент презентация қорғайды)
(Жоспар бойынша мазмұнына тоқталады)
Тегі: Эпос
Жанры: роман-үлкен көлемдегі және прозалық үлгіде жазылған эпикалық туынды. Өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, ұзақ мерзімді оқиғаларды арқау етіп, адам өмірін ағымдағы сан алуан құбылыстармен тұтастыққа, мейлінше жан жақты көрсетеді.
Түрі: Трагедиялық шығарма
Тақырыбы: Әйел теңсіздігі
Идеясы: Романның өлеңмен жазылған сөз басында:
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта,
Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.
Біреуге хас нәрсе емес, һәм болған іс,
Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.
Айырсын оқушылар мағынасын,
Жай ғана хикая деп қарамасын.
Көрген кім шариғаттан деген сөзді:
“Қор етіп әйел халқын аямасын”- деген жолдардан автордың көздеген мақсаты аңғарылады.
Роман екі сюжетте көрініс табады. Бірінші-Жамал мен Ғалидің кездескен сәттерін, сырласып, бір-біріне берік сенісіп, бір-бірін тең тұтып, бағалап , сүйіп қосылмақ болған жандар екенін, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жолға шыққан тұстарын М.Дулатұлы жылы сезіммен тебірене жазғандығы. Екіншісі- Ғалидің кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айырыларын сезінген Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісуі суреттелген.
І бөлім. Крестьянский начальник
ІІ бөлім. Үмітсіз -шайтан
ІІІ бөлім. Еркек балаша киінген Жамал
ІV бөлім. Жамалдың молдадан дәріс алуы
V бөлім. Сайлау
VІ бөлім. Байжан мен Сәрсембайдың құда болуы
VІІ бөлім. Басындағы бағы жоқ Жамал
VІІІ бөлім. Ғали мен Жамалдың кездесуі
ІХ бөлім. Ғали мен Жамалдың арасындағы ғашықтық сезім
Х бөлім. Қос ғашықтың қол ұстасып қашуы
ХІ бөлім. Ел ішіндегі дау
ХІІ бөлім. Жас ғұмырдың сөнуі
ХІІІ бөлім. Жамалдың көрген қорлығы


5. Үш топ берілген кесте бойынша жұмыстарын талқылап қорғайды. (13 минут) Әр топ өзіне берілген тапсырмаға тиесілі тақырыпты постерге салып, қорғайды. (постерге – 10 минут, қорғауға –3 минут)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет