§8. Ұл – ұлт болашағы, қыз – ұлт намысы Бұл тақырыпта ұл мен қыздың тәрбиесі ұлттық құндылықтың бірі екендігі түсіндіріледі.
Қыз ұлттың айнасы, ұл ұлттың намысы екендігі сөз болып, талқылануы қажет. Оқылым
мәтінін оқи отырып, ойтүрткі сұрақтарына өз көзқарастарымен жауап береді.
М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып, өлеңде екпіннің қандай түрлері
кездесетінін кестеге түсіреді.
Берілген өсиеттерді негізге алып, қыз бала туралы «Бестармақ» тәсілімен «Бесжолды
өлең» құрастырады.
Жағдаяттық тапсырмада үйге келген қонаққа қандай құрмет көрсету керектігі
талқыланып, мұғалім тарапынан әдеп қағидаттары айтылуы қажет.
Үй тапсырмасында «Мен қандай баламын» тақырыбында эссе жазып, ата-аналарының
пікірін тыңдайды.